контакт: 8(7187)372966 ok-gb@mail.ru
адрес: Екібастұз қ. Торайғыров көшесі, 32
Аурухана туралы ақпарат

ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК 150 916 тұрғыны бар аймаққа білікті және мамандандырылған көмек көрсететін көп бейінді стационар. Бұдан басқа аурухана Баянауыл ауданына қарасты ауыл тұрғындарына да шұғыл көмек көрсетеді. Стационардың Павлодар-Астана, Павлодар-Баянауыл республикалық тас жолдарына жақын орналасқандығын айтпау кетпеуге болмайды, бұл –облыстың денсаулық сақтау жүйесі құрылымында емдеу мекемесінің маңызды орын иеленгендігін көрсетеді.

Төсек орын қоры-292, оның ішінде 50 төсек орын-терапевтік, 53-хирургиялық, 30-педиатриялық және 25 төсек орын-инфекциялық. Стационарда 11 клиникалық, 4 диагностикалық және 4 көмекші бөлімшелер қызмет етеді, онда 25 мамандық бойынша жоғары білікті және мамандандырылған көмек көрсетіледі: жалпы педиатрия, балалар неврологиясы, балалар хирургиясы, балалар травматологиясы, жалпы хирургия, урология, проктология, жақ-бет хирургиясы, травматология, нейрохирургия, ересек реаниматологиясы, гемодиализ, баротерапия, жалпы неврология, неврологиядағы қалпына келтіру, инсультпен ауырған науқастарды емдеу, кардиология, пульмонология, жалпы терапия, токсикология, оториноларингология, офтальмология, эндокринология, физиоемдеу, галотерапия, дерматовенерология.

Неврологиялық бейіннің қалпына келтіру төсек орындары қызмет етеді.

2010 жылғы 26 қаңтардан бастап гемодиализ төсек орындары қызмет етіп келеді.

2010 жылдан бастап инсультпен ауыратын емделушілерді қоса алғанда, нейрохирургиялық қызметтер көрсетіледі.

2011 жылдан бастап стационарда травматология, нейрохирургия, жалпы хирургия және урология бойынша жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі.

2012 жылдан бастап урологияда эндоскопиялық контактілі литотрипсия енгізілді.

2009 жылдан бастап терапевтік сервистік бөлімше, 2011 жылдан бастап хирургиялық корпустағы сервистік бөлімшелер қызмет етеді.

2013 жылдан бастап Инсульт орталығы қызмет етеді.

2014 жылғы ақпан айынан бастап Амбулаториялық хирургия орталығы қызмет етеді.

Ауруханада 80 дәрігер қызмет атқарады, оның ішінде 47-сінің жоғары және басқа санаттары бар. Дәрігерлердің санаттылығы 69%-ды құрайды. Стационарда 5 ҚР денсаулық үздігі қызмет атқарады.

Орта буын қызметкерлері-281, 171-інің санаты бар (67%).

Диагностикалық және емдеу мақсатында эндоскоптар (гастро, бронхо, колоноскоптар), заманауи УДЗ аппараттары, эндохирургиялық және урологиялық бейнебағандар, лазерлі литотриптер, операция жасайтын С түріндегі рентген аппарат, зертханалық анализаторлар, галокамера, фитобөшке, бақылау мониторлары, барокамералар және т.б. қолданылады.

Миссия және құндылықтар:
Біздің миссиямыз- қызметкерлердің кәсібилігі мен интеллектуалды мүмкіндігінің үйлесімділігі негізінде жоғары сапалы медициналық қызметтің кең спектрін, жоғары технологиялық жабдықтар мен емделушілерге ыңғайлы жағдай ұсына отырып, медициналық көмекке жүгінген емделушілердің денсаулығын жақсартуға әсер ету. Біз әлеуметтік, медициналық және экономикалық тиімділікке жетуде мақсат пен мүддені сақтауға талпынамыз.

Басты құндылықтары:

Қайырымдылық- бәсекелестікке қатысатын баға бойынша жоғары сапалы қызмет ұсыну үшін әрбір емделушінің қажеттілік бағамы.
Сыйластық- пациенттердің даңқы мен жеке тұлғасын сыйлау.
Тұтастық- жоғары стандарт пен жарияланған қағидаларды сақтау, емделушілермен қарым-қатынаста, сонымен қатар ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК ұжымы ішінде сенім мен тәртіптіліктің жоғары деңгейін көрсету.
Алқалық- өзіне -өзі тұрақты талдау жасау мен ынтымақтастық, сонымен қатар жауапкершілік пен жұмыс көлемінің теңдестігі негізінде сенім жүйесін құру.
Ашықтық- жеке және ұжымдық әрекетте адалдық пен тәртіптілік қағидасын ұстану.
Кәсібилік- тұрақты даму мен оқыту негізінде өзінің барлық ең үздік білімдерін, мүмкіндіктерін және тәжірибесін емделуші мен ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК ұжымы үшін жоғары нәтижеге жетуге бағыттау.

Жалпы терапия бөлімшесі

Бөлімшеде дәрігерлер қызмет атқарады:

— бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Павлова Ирина Николаевна

— ординатор дәрігер Тинезбаева Айгерим Мейрамовна

— ординатор дәрігер Айткалина Жазира Жасулановна

Бөлімшеде 50 төсек орын бар, төсек орын бейіндері:

-терапевтік

-пульмонологиялық

-эндокринологиялық

-токсикологиялық

Терапевтік бейінде келесі аурулар емделеді:

1.Асқазан-ішек аурулары

2.Бүйрек ауруы

3.Жүйелік аурулар

4.Анемия

Пульмонологиялық бейінде келесі аурулар емделеді:

1.Пневмония

2.Өкпенің созылмалы ауруы

3.Бронхиальды астма

Эндокринологиялық бейінде Қант диабеті мен асқынулар емделеді.

Ауруды емдеуде заманауи препараттар, емдеудің тиімді әдістері қолданылады.

Кардиология бөлімшесі

  Кардиология бөлімшесі жүрек-қан тамыр ауруымен ауыратын науқастарға білікті көмек көрсетеді.

Бөлімше қызметкерлері:

Бөлімше меңгерушісі — Серикбаева Гульден Тетаевна

Бөлімшеде келесі аурумен ауыратын науқастарға ем көрсетіледі:

1.Жіті миокард инфаркті

2. Тұрақсыз стенокардия

3. Тұрақты стенокардия

4. Артериалдыгипертония

5. Дилатациондыкардиомиопатия

6. Миокардит

7. Эндокардит

8. Туа біткен жүрек ауруы

9.Жүрек-қан тамыр ауруларымен ауыратын жүкті әйелдер

10. Вегетотамырлы дистония

Инсульт бөлімшесі және ПИТ палатасы бар неврология бөлімшесі

   Бүгінгі күні бөлімше 21 ғасыр дерті-инсультпен күресте барлық іс-шараға қатысады. Инсульт эпидемиологиясы терең зерделенеді, инсультпен ауыратын науқастарды емдеудің жаңа әдістері кеңінен қолданылып келеді. Тез диагностикалау мақсатында алтын уақыт ішінде (3,5 сағат) инсультпен ауыратын науқстарға миға КТ жасалады, бұл патогенді ем жүргізуге себін тигізеді. Ишемиялық инсультте тромболизисті терапия –алғашқы 3,5 сағат, ауыр неврологиялық белгілерді тез жоюға көмектеседі.

Бүгінгі күні қарқынды терапия палатасы жауаржараға қарсы матрастары бар кереует, саусақпен көрсететін мониторы, электр сорғыш, дәріні титрлі енгізуге арналған инфузомат, толық көлемде реанимациялық емшараларды жүргізуге арналған жиынтықпен жабдықталған.

2014 жылы бөлімшеде инсультпен ауыратын науқастарды ерте қалпына келтіру кабинеті ашылды. Кабинетке венаішілік инфузияға арналған баған мен бас жағын қозғалтатын тележка-каталка, Multi Tilt үстел-ветикализатор, PIO аяқ басу имитаторы, аяқ және қолдарының қозғалыс тренажері, қол ұшының жұмысына арналған аппарат сатып алынды. Аталған әдістемені қолдану инсультпен ауырған науқастарды емдеуге жаңа бетбұрыс, қалпына келтіру кезеңін тездетті, инсультпен ауырған науқастардың өмір сапасын жақсартып, өлім-жітімді азайтты.

Неврология бөлімшесі келесі ауруларды емдейді:

1. Мидың созылмалы қан тамыр аурулары-артериалды гипертония, церебральды атеросклероздағы энцефалопатия.

2. Омыртқа жарығы немесе протрузиясындағы ауыру синдромы.

3. Жоғары бассүйекішілік қысым

4. склероз

5. Миастения

6. Нерв жүйесінің патологиясы

7. Инсульттан кейінгі қалпына келтіру

8. Эпилепсия

9. менингит, энцефалит салдары

10. Вегето-тамырлы дистония.

Қызмет көрсету аясын жақсарту үшін төлем төлеу арқылы сервистік қызмет палаталары құрылды.

Бөлімшеде дәрігерлер қызмет атқарады:

Бөлімшеде мына дәрігерлер қызмет атқарады:

Соловьева Наталья Васильевна- невропатоло-дәрігер.

Гибатова Жанна Сайлаукызы — невропатоло-дәрігер.
  Сонымен қатар бөлімшеде тұрақты мына мамандар қызмет атқарады:

   Логопед-,Исенгулова Гульмира Темирбулатовна, сөйлеу қабілеті бұзылған емделушілермен жеке жұмыс жүргізеді.  

Психолог- Психотерапевт- Тажибаев Нурлан Бегуллаевич, еңбекке жарамсыз инсульт алған науқастармен жеке және топтық жұмыстар жүргізеді.

Ауруды емдеуде заманауи препараттар, диагностика мен емдеудің тиімді әдістері қолданылады.

Біздің мекенжайымыз:  неврология бөлімшесі, терапевтік корпустың 3 қабаты, қарқынды терапия палатасы бар инсульт бөлімшесі хирургия корпусының 5 қабатында орналасқан.

тел. 8 (7118) 74-09-73

 

Хирургия бөлімшесі

  Хирургия бөлімшесінде 53 төсек орын бар, оның 5 төсек орны-балалар хирургиясы, 18-і-урологиялық. Бөлімшеде хирургиялық, проктологиялық, урологиялық патологиясымен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге арналған қажетті жабдықтар бар.

Бөлімшенің жетекші мамандары

 

Бөлімше меңгерушісі Усинов Танырберген Манапович –жоғары санатты дәрігер.

Бөлімшедегі ординатор дәрігерлер

Такиров Кенжебек Солтанбекович — уролог дәрігер, жоғары санатты хирург .

Камасов Нурлан Скакович жоғары санатты  хирург дәрігер.

Семикина Марина Александровна — жоғары санатты  хирург дәрігер.

Рыспаев Беибут Серикович — бірінші санатты  хирург дәрігер.

Шахметов Дюсембай Беисенбаевич— жоғары санатты  хирург дәрігер.

Карбаев Саттар Сеилханович-хирургдәрігер

Изгуттинов Думан Ержанович-хирург дәрігер

Солтанбеков Асет Кенжибекович – хирург дәрігер.

Бөлімше дәрігерлері біліктіліктерін жоғарылату және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында үнемі тағылымдамадан өтеді және Қазақстанның әр түрлі клиникаларында конференцияларға қатысады.

Хирургия бөлімшесінде жоспарлы және шұғыл хирургиялық көмек көрсетіледі, ішперде органдарына дәстүрлі және лапороскопиялық әдіспен оталар жасалады, сонымен қатар лазерлі литотриптор көмегімен жаңа технология бойынша аз инвазивті эндоурологиялық оталар жүргізіледі.

Бөлімшеде сауатты, жақсы оқыған, тиянақты, біріккен орта және кіші буын қызметкерлері жұмыс істейді.

Хирургия бөлімшесінің орта буын медициналық қызметкерлері жыл сайын кестеге сәйкес біліктілігін жоғарылатудан өтеді. Бөлімшеде СӨС бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіледі, емделушілермен кеңес өткізіледі, жоспар бойынша лекциялар оқылады.

Анестезиология-реанимация бөлімшесі

  Екібастұз қалалық ауруханасының анестезиология-реанимация бөлімшесі қазіргі уақытта біздің аурухананың жетекші бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Бөлімше меңгерушісі Сергазин Кайрат Сеитжанович, жоғары санатты дәрігер, үлкен кәсібилік және өмірлік тәжірибесі бар.

Бөлімшеде 10 ансетезиолог реаниматолог дәрігер жұмыс істейді, оның 4-еуі-жоғары санатты.

І санатты-1, ІІ санатты-3.

Дәрігерлердің біреуі Израильде көп бейінді клиникада тағылымдамадан өтті.

Бөлімшенің құрамында гемодиализ бөлімшесі мен қан кабинеті бар.

Бүгінгі күні реанимация бөлімшесі 9 төсек орынға есептелген. Реанимация бөлімшесінің мақсаты ретінде науқастарға хирургиялық және травматологиялық оталардың өмірге қауіпті жағдайлары мен анестезиологиялық қамтамасыз етуі бойынша шұғыл интенсивті терапия көрсету болып табылады.

Реанимация бөлімшесіндегі жұмыс кәсіби зияндылық пен қиындыққа толы, оның ішінде ауыр халде жатқан науқастардың жанында үнемі болу ауыр болып тиеді.

Біздің бөлімшенің басымдығы ретінде науқасқа деген қайырымдылық, кішіпейілділік және адал қарым-қатынас болып табылады. Реанимация бөлімшесіне науқастар әр түрлі патологиямен түседі: хирургиялық бейіндегі науқастар ( торако — абдоминальды хирургия, гинекология, урология, проктология, жақ-бет  хирургиясы, тамыр хирургиясы), хирургиялық бейіндегі науқастар отаға дейін және отадан кейін де түседі, өкпе, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары, қант диабетімен ауыратындар, мидың қан айналымы бұзылуы, асқазан-ішек аурулары, нашақорлық және алкогольдік естен тану, аллергиялық реакциясы бар, токсикодермия, гематологиялық аурумен ауыратындар. Реанимация бөлімшесінде өте ауыр халде жатқан науқастар жатады. Мұнда ота жасау жұмысы режімін сақтайды, өкпеге жасанды дем беру орындалады, магитсральды тамырларға катетер салынады, трахеостомия іске асырылады. Палаталар жабдықталған: адам өміріне маңызды органдардың қызметін үнемі бақылап, тіркейтін мониторлар (пульс, артериальды қысым, сатурация, дем алу жиілігі және басқалар), дефибрилляторлар, наркозды аппаратура, сорғыштар, жылжымалы рентген аппарат, венепункцияға арналған хирургиялық құралдар жиынтығы, трахеотомия. Бөлімше заманауи дәрілермен, заманауи дем алатын, бақылайтын аппаратурамен, кардиомонитормен, дефибриллятормен, инфузионды ерітінді және басқаларды енгізуге арналған құралдармен жабдықталған.

Бөлімшеде науқастарды емдеу мен тексеруде алдыңғы қатарлы технологиялар мен әдістер сәтті қолданылады. Барлық қажетті зерттеу құралдары енетін нозологиялық формалар бойынша науқастарды тексеру алгоритмі жасалды (рентген зерттеулер, ЭКГ, ішперде органдарына, қалқаншабезіне УДЗ, ЭГДС, зертханалық тексерулердің кең спектрі, гемодинамикалық көрсеткіштерге мониторинг жүргізіледі. Антибактериалды терапия сызбасы жасалды, емдік-диагностикалық гастроскопия жүргізіледі, қанның, несептің, қақырықтың, жара бөліндісінің антибиотикке сезімталдығын қоздыру мен анықтау арқылы микробиологиялық тексеру жүргізіледі.

Бөлімше қызметкерлері, анестезиолог реаниматолог дәрігерлер, анестезист медбикелер,операция жасайтын медбикелер, сонымен қатар кіші буын медициналық қызметкерлері жылына 3000 отаны заманауи медициналық жабдықтармен, шығын материалдары және медикаменттермен жабдықталған 5 ота жасау блогында жасайды, бұл заманауи, жоғары кәсіптік деңгейде әр түрлі анестезиологиялық құралдарды (жалпы және регионарлы) көрсетуге мүмкіндік береді. Аурухананың барлық бөлімшелерінде және облыс ауданында шұғыл консультативтік көмек көрсету үшін. Ота жасау блогы науқастың қауіпсіздік талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық режімге жауап беретін, қызметкерлер үшін ыңғайлы бөлімше болып табылады. Бөлімше заманауи наркозды-дем беруші және бақылау-диагностикалық аппаратурамен жабдықталған. 13 дана «S5 Avance», 1 дана «Drager Fabius», «Такаока », «Drager  Savina» наркозды-дем беретін аппараттар бар.

Наркозды машиналар О2, N2О, изофлюран, севофлюран, көмірқышқыл газ мониторларымен жабдықталған, бұл аз тасқында ингаляциялық анестезия жүргізуге, жабық контурда жүргізуге мүмкіндік береді.

«Nihon Cohden» және«Utas» жартылай функционалды мониторлармен жабдықталған, ЭКГ, ЧСС, пульсоксиметрия, термометрия, АҚ өлшеу мониторингісін жүргізуге мүмкіндік береді. Заманауи бір рет қолданылатын шығын құралдары, материалдар бар.

Бөлімше дәрігерлері жалпы анестезия күшейту және белсенді нейровегетативті қорғануды құру мақсатында жарақаты көп ота кезінде қолданылатын үйлескен анестезия әдістемесін зерделеген. Сол мақсатпен эпидуральды кеңістікте катетер орнату көмегімен эпидуральды блок қолданамыз. Наропин, фентанил қоспасы дозаторларлардың көмегімен енгізіледі. Анестезиологилық шаралар жүргізіледі: жұлын анестезиясы, үлкен, ұзақ, жоғары мамандандырылған, травматологиялық оталар кезінде ұзақ эпидуральды анестезия қолданылады, мысалы түтікшелі сүйектің бөгелістік интрамедулярлы остеосинтезі, омыртқаға жасалатын шұғыл оталар. 2013 жылы біздің аурухаанның анестезиологтарымен жамбас буынын имплантпен ауыстыру бойынша 10 отаға анестезиологоиялық шара көрсетіледі. Аталған анестезиологиялық шаралар ота жасауда аз қан кету, ауырсынуды азайту, тез қалпына келу мен ерте аяққа тұрып кетуіне көмегін тигізеді. Сонымен қатар сегізкөзі мен қолдарына от жасаған кезде «Соколовский» бойынша иықтың нервтік қиысуына бөгеліс жүргізіледі. Жалпы анестезия үшін кетамин, пропофол жәе  ингаляциялық анестетиктер изофлюран, севоран қолданылады. Жанамаласқан анестезия тамырлы хирургия, реконструктивті абдоминальды оталарда қолданылады. Біз анестезияның тұрақты ағымын аңғардық, есінің және бұлшықет күшінің тез қалпына келуі.  Отадан кейінгі ауырсынуды басу жараның тез жазылуына және анастомозға әсер етеді, инфаркт және инсульт сияқты асқынулардың алдын алады. Біздің жұмысымызда бупивакаинмен жасалатын жұлын анестезиясы басты орын алады.

ТРАВМАТОЛОГИЯ МЕН ОРТОПЕДИЯ БӨЛІМШЕСІ

      Ересектерге арналған травматология бөлімшесі 45 төсек орынға арналған. Травматологиялық зақымдар мен ортопедиялық патологиямен ауыратын науқастарға мамандандырылған, білікті көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Бөлімше құрамына жарақаттан кейінгі 24 сағат ішінде көмек көрсететін қаладағы жалғыз тәуліктік травматологиялық пункт енеді.

 

   Жуматаев Ерболат Кабылбекович – бөлімше меңгерушісі. Жоғары санатты бас штаттан тыс травматолог ортопед тәрігер. Академик Илизаровта Қорған қаласында клиникалық ординатураны бітірді.

   Бөлімше қызметкерлері:

   Ординаторлар:

Таштаев Серик Курмангалиевич – бірінші санаттытравматолог ортопед дәрігер.Мартыненко Николай Петрович бірінші санаттытравматолог ортопед дәрігер.

Окасов Бахытжан Тимурович— екінші санаттытравматолог ортопед дәрігер.

С.К.Таштаев пен Н.П.Мартыненко Астана қаласында нейрохирургия бойынша оқудан өтті.

Бөлімше дәрігерлері Қазақстан мен Ресейдегі әр түрлі клиникаларда ұзақ тағылымдамадан өтті.

Қаңқа сүйектері сынған кезде заманауи остеосинтездің барлық түрлері орындалады. Аз инвазивті оталардың заманауи әдістері кеңінен қолданылады, бұл әсіресе жасы келіп қалған адамдарды емдеуде тиімді.

Бөлімшеде қол мен аяқ басына реконструктивтік оталар орындалады. Деформацияларды, дефектілерді жою және сүйектерді қысқарту, сонымен қатар бітелмеген сүйектерге ортопедиялық оталар орындалады. Туа біткен санның шығып кету, жарақаттан кейінгі остеомиелитте де оталар жасалады.

Бөлімшеде сауатты, жақсы оқыған, тиянақты, ынтымақтасқан орта және кіші буын медициналық қызметкерлері жұмыс істейді.

Аурухана заманауи жабдықтармен жабдықталған. Рентген бөлімше жоғары сапалы рентген түсірілімдер жасайтын сандық рентген аппараттармен жабдықталған.

Амбулаториялық хирургия орталығы

2014 жылғы ақпан айында ұйымдастырылып, ашылды.

Бөлімше қызметкерлері:

Амбулаториялық хирургия орталығының меңгерушісі – Фризен Виктор Ричардович, жоғары санатты дәрігер

Тамырлы хирург – Изгуттинов Думан Ержанович.

Офтальмолог – Березинец Александр Александрович.

Отоларинголог – Чернышук Анатолий Анатольевичекінші санатты дәрігер

Уролог – Карбаев Саттар Сейлханович.

АХО жүргізілетін оперативтік кірісулер түрі

 

Мамандық бойынша — хирургия.

1. Терінің, теріасты талшықтың, бұлшық еттің, тамырлардың қатерсіз ісіктерін алу (оның ішінде  электроисцизия, криодеструкция).

2. Өсіп кеткен тырнақты оперативті түрде емдеу.

3. Әр түрлі локализация сыртқы қысылмаған жарықты алу (кіндік, кіндік жаны, және т.б.)

4.Сүт бездерінің секторальды резекциясы.

5. Пластикалық хирургия.

6. Сүт бездерінің түйінері мен жұмсақ тіндеріндегі жаңа құрылымдарды диагностикалаудың инвазивті әдістері.

Мамандық бойынша— травматология, ортопедия.
1. Сүйек тіндерінің, сіңірлердің қатерсіз ісіктерін алу (оның ішінде электроисцизия).
2.Сүйек буындарының экзостоздарын алу.
3.Созылмалы бурсит, кистозды гигромалардағы қалталарды кесіп алып тастау.
4.Сүйек сынықтарының, импланттардың фиксаторларын алу.

5.Саусақтары, алақан сүйектері, табан сүйектері сынғандағы остеосинтез.
6. Дюпюитрен контрактурасында инъекциялық  лизистік емдеу және кесіп алып тастау, стенозирленген лигаментитті оперативтік емдеу.
7.Саусақ ампутациясы және реампутациясы, оның ішінде башайларының резекциясы.
8.Табанға жасалатын оталар, башай, табан сүйектерінің  деформациясын жөндеу.

9.Аяқ пен қол сіңірлерін тігу.

Мамандық бойынша — урология.
1.Френулотомия (жыныстық мүше жүгеншігінің пластикасы).
2.Циркумцизия.
3. Полипэктомия, әйелдерде сыртқы үрпінің  резекциясы.
3.Ұманың атеромасын, липомасын алып тастау.
4.Бөгде заттарды алып тастау.
5. Ұманың жарақаттық, асқынбаған гематомаларына пункция жасау, ашу.
6.Жыныстық мүшенің кондиломасы мен папилломасының коагуляциясы.

Мамандық бойынша— офтальмология жәнеЛОР.

1.Қауіпсіз ісітерді-папиллома, полип, халазиона, птеригиумаалып тастау.

2. Көз жасы жолдарын тазалап жуу және зондтау.

3. Парабульбарлы және  субконъюктивальды инъекциялар.

4.Бөгде заттарды алып атстау, коньютивтер мен мөлдірқабықтар.

5. Мөлдірқабық тігісін алып тастау.

6. Мұрынның қосалқы қуыстарының пункциясы және тазалап жуу.

Ем қала емханаларының бейінді мамандарының жолдамасы бойынша және ақылы түрде жүргізіледі.

Қала тұрғындарына ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК хирургиялық бейіннің жетекші мамандарымен ақылы түрде кеңес жүргізіледі.

Біздің мекенжайымыз:Педиатриялықкорпус Амбулториялық хирургия орталығы (1 қабат).                                                 Тел. 8 (7187) 37-11-45.

 

ИНФЕКЦИЯ БӨЛІМШЕСІ

   Инфекция бөлімшесі әр түрлі жұқпалы аурулармен ауыратын пациенттерге білікті көмек көрсетеді.

 Бөлімше қызметкерлері:

Бөлімше меңгерушісі – Жумабаева Гульнара Тольжановна,

Ординатор – Гринчук Инна Ивановна.

Бөлімшеде келесі аурулармен ауыратын пациенттерге ем көрсетіледі:

1) Жіті ішек жұқпалары:

— шигеллёз,

— сальмонеллёз,

— тамақтан улану,

— ішсүзек және А.В,С паратифтері

— тырысқақ,

— ботулизм,

2) Вирустыдиареялар;

3) Жіті респираторлы вирусты  жұқпалар:

— аденовирусты жұқпа,

— энтеровирусты жұқпа,

— тұмау,

— парагрипп,

4)қызылша;

5) қызамық;

6) көкжөтел;

7) Эпидемиялықпаротит;

8) Дифтерия;

9) Герпесвирустыинфекциялар:

— желшешек,

— цитомегаловирустыинфекция,

— жұқпалымононуклеоз,

10) Жіті вирусты гепатиттер: А, В, С;

11) Нейроинфекциялар:

— менингококктыинфекция,

— сероздыменингиттер,

12) ВИЧ-жұқпалар;

13) Геморрагиялық қызба;

14) Бруцеллёз;

15) Малярия;

16) Риккетсиозы;

17) тырысқақ;

18) бешенство;

19) Сібір жарасы.

Функционалды диагностика бөлімшесі

               Бөлімше 1980 жылы медициналық бірлестік базасында ұйымдастырылды.

2012 жылы бөлімше құрамына эндоскопиялық бөлімше енді. Бүгінгі күні бөлімшеде үш дәрігер, бес медбике, екі санитар қызмет етеді. Екі дәрігер-бірінші санатты, екі медбике-жоғары санатты, екі медбике-бірінші санатты.

Бөлімше кабинеттері екі корпуста орналасқан.

Келесі тексеру түрлері жүргізіледі: ЭКГ, ЭКГ холтер мониторлеу, артериалды қысымды тәуліктік мониторлеу,  спирометрия, электроэнцефалография, бронхоскопия, фиброгастроскопия, колоноскопия, ректоромоноскопия.  Ультрадысытық тексерулер:  ішперде, бүйрек, қуық, еркекбез, қалқаншабез, сүт безі, сілекей безі, жұмсақ тінге, плевра қуысы, артерия тамырлары мен аяқ, қолдарының веналары,брахеоцефальды зона, ЭХОдопплерография.

Бөлімшеде Ресейлік, Жапондық, Израильдік, Оңтүстік Кореялық аппараттар бар.

Амбулаториялық науқастарға ақылы қызмет көрсетеміз.

Рентгенбөлімше.

Рентген бөлімше әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықтармен жабдықталған, бөлімшеде «VISION», «OPERA» итальяндыө өндірушіден стационарлық рентгендиагностикалық аппараттар орнатылған. Рентгендиагностикалық стационарлық сандық View9» (Корея) аппараты. Бөлімшеде операция жасау блогы жағдайында жұмыс істеу үшін С-дугой Radius (Италия) аппараты бар. «Моbile Art Shumadzu» (Корея), «Ваsic»(Италия) жылжымалы рентген аппараты бар. Бөлімшеде келесі рентген тексерулер түрлері орындалады:

* сүйеек пен буын рентгенографиясы;
* кеуде клеткасы органдарына кеңейтілген рентгенография;
* барий әгімен жасалатын асқазан мен өңеш рентгеноскопиясы;
* ирригоскопия –жуан ішекті контрастты тексеру;
* экскреторлы урография – бүйрек пен несеп шығару жолдарын тексеру;
*ЛОР органдарды рентгенологиялық тексеру;
* Фистулография
Сабырханов Аскар Жакенович – бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты рентгенолог дәрігер
Батырбеков Р.Б.,  Тусупова Г.З. — бөлімшенің рентгенолог дәрігерлері.
Біздің мекенжайымыз: Павлодар обласы, Екібастұз қаласы, Торайғыров көшесі, 32, ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК: хирургиялық корпустың 1 қабаты, хирургиялық корпустың 4 қабаты, терапевтік корпустың 1 қабаты.

Дерматовенерологиялық бөлімше

     ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК дерматовенерологиялық бөлімшесі Екібастұз қаласы мен ауылдық аймақтардың тұрғындарына мамандандырылған, білікті және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Бөлімше құрамына енеді: бір ауысымға 65 қабылдауды қамтамасыз ететін диспансерлік бөлімше мен 15 төсек орындық күндізгі стационар.

Бөлімше меңгерушісі: І санатты   дерматовенеролог дәрігер Батхолдина Гасланым Ермековна, 33 жыл еңбек өтілі бар.

Ұжымда 25 қызметкер қызмет атқарады. Оның ішінде:

— 6 дәрігер, барлық дәрігерлерде І біліктілік санаты бар.Дәрігерлердің санаттылығы 100%-ды құрайды.

— 10 медбике, І санатты -6 медбике, ІІ санатты-1 медбике, орта буын медициналық қызметкерлердің санаттылығы 70%-ды құрайды.

Барлық медициналық қызметкерлер «Нұр Отан» партиясының және «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестіктің мүшелері болып табылады.

Гайдукова Т.Г.-І санатты дерматовенеролог  дәрігер, еңбек өтілі  32 жыл

Жамбутаева Л.Т.— І санатты дерматовенеролог  дәрігер, еңбек өтілі 33 жыл

Карманова Х.М.— І санатты дерматовенеролог  дәрігер, еңбек өтілі  32 жыл

Низембаева Н.И.— І санатты дерматовенеролог  дәрігер, еңбек өтілі  18 жыл

Семенова Н.А.— І санатты дерматовенеролог  дәрігер, еңбек өтілі  15жыл

Сергазина С.А.— І санатты дерматовенеролог  дәрігер, еңбек өтілі  24жыл

Бөлімшенің мақсаты мен міндеттері:

1.ИППП, дерматоз және жұқпалы тері ауруларының алдын алу мен ерте диагностикалау (одан кейін-дерматовенерологиялық бейін аурулары);

2.  Ересектер мен балаларға мамандандырылған дерматовенерологиялық көмек көрсету;

3.  Диспансерлі емделушілерге кешендік емдік және алдын алу іс-шараларын жүргізу;

4.   Дерматовенерология мәселелері бойынша ғылыми-практикалық іс –шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысу;

5.  Дерматовенерологиялық бейіндегі емделушілерге медициналық қалпына келтіру.

6.  Тұрғындар арасында дерматовенерологиялық бейіндегі аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-гигиеналық жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізу, кезеңдік және профилактикалық медициналық тексерулерді жүргізу.

7.  Есептік құжаттарды жүргізу, қызметі туралы есепті ұсыну.

 

Біздің мекенжайымыз: Екібастұз қаласы, Абай көшесі, 76,  тел 37-28-34, 37-28-35

e-mail:kozhven-pol@mail.ru