контакт: 8(7187)278602 278597 polikl-1@mail.ru
адрес: Екібастұз қаласы, Торайғыров көшесі 20 үй
Емхана туралы

Қазақстан Республикасы Павлодар облысының Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Екібастұз қалалық №1 емханасы» Комуналдық Мемлекеттік кәсіпорыны мемлекеттік лицензия негізінде медициналық қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады.

Емхананың орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,Торайғыров көшесі 20.

Алатын аумағы: 4227 кв.м

Қабаттылығы: 5-қабатты

Ғимарат типі: типті, кірпішті

салынған жылы: 1987 жыл

жоспалы қуаттылығы: 600 ауысымына келушілер

Қызмет көрсету радиусы: 12 кв.км.

1999 жылы №1 емхана базасы негізінде «Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының консультативтік-диагностикалық №1 емханасы» қазыналық комуналдық мемлекеттік кәсіпорыны құрылды.

2002 жылы дәрігерлік амбулаторияны қосу жолымен емхананы қайта құру жүргізілді.Қайта құру нәтижесінде «Екібастұз қалалық №1 емхана» КҚМК.

2003 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігінің 25.07.2002 жылғы №727 бұйрығын орындау негізінде терапиялық участкелік қызмет, педиатриалық участкелік қызмет, жасөспірімдер кабинеті мен әйелдер консультациясы қызметтерін қайта жандандыру арқылы БМСК-ті қайта құру жүргізілді.

Қаламызда 3 емхананың қосылуына байланысты, 2003 жылыдың мамыр айында халықты территориялық қайта құру жүргізілді. 2003 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін №1 емханада қызмет алатын халық саны 49 000 құрайды.

Емхана құрылымында 6 ауылдық денсаулық сақтау объектісі бар. Оның ішінде 1 Ақкөл ауылдық дәрігерлік амбулатория және 5 ауылдық медициналық пункіті (Құдайкөл ауылы, Құлакөл ауылы, Зеленная роща, Қарасор және Жақсат ауылы). Ауылдық халық саны 2215 адамды, оның ішінде 0-ден 14 жас аралығында 534 санын құрайды.

 

Емхананың негізгі медициналық қызметі

Медициналық қызметкерлері емханаға тіркелген халыққа заманауи үлгіде, қол жетімді және сапалы медициналық көмекті қоғамдық озық ғылыми медицина жетістітеріне негізделе отыра, білікті және мамандандырылған бірінші медициналық-санитарлық көмек формасында , консультативті-диагностикалық және стационар алмастырушы көмек көрсетеді.

Сыртқы кешендік бағалау мен аккредитациялық коммиссияның шешімі негізінде ШЖҚ «Екібастұз қалалық №1 емханасы» КМК 19.11.2014 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау аумағында денсаулық сақтау субъектілерінің аккредитация стандарттарына сай келуін куәландыратын куәлік алды.

 

 

Медициналық қызметке негізгі тұтынушылар:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу емханаға тіркелген халық (мемлекеттік тапсырыс бойынша жанға шағу тарифімен);

емханаға тіркелмеген халыққа ақылы түрде қызмет көрсетіледі.

Емхананың медициналық қызметінің МИССИЯСЫ: халыққа медициналық қызметті уақытылы сапалы және оперативті көрсету бағытында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Емхананың медициналық қызметінің мақсаты: Халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қол жетімді, сапалы және қауіпсіз бірінші медико-санитарлық, мамандандырылған медициналық көмек, сонымен қатар алдын-алу, диагностикалау және емдік қызметтерді көрсету.

Емхана тарапынан көрсетілетін медициналық қызмет түрлері.

  1. Мамандықтар бойынша ересетерге арналған консультативті-диагностикалық медициналық көмек түрлері: жалпы терапия, невропатология, оториноларингология, урология, офтальмология, кардиология, травматология және ортопедия, жалпы хирургия, акушерлік және гинекология, кәсібипатология, эндокринология.
  2. Мамандықтар бойынша балаларға арналған консультативті -диагностикалық медициналық көмек түрлері: педиатрия, невропатология, оториноларингология, офтальмология, кардиология, жалпыхирургия, гинекология, эндокринология, ревматология.
  3. Медициналық сауықтыру: физиотерапия.
  4. Бірінші медициналық-санитарлық көмек: ауылдық жердегі дәрігерге дейінгі көмек (Зеленая Рощаауылы, Қарасор, Жақсат, Құдайкөл, Құлакөл ауылдары)
  5. Диагностика: функциональді, инструментальді, сәулелі және рентгенологиялық.
  6. Зертханалық диагностика: жалпыклиникалық сараптама, биохимиялық сараптама.
  7. Сараптамалық медициналық қызмет: уақытша еңбекке жарамсыздық пен кәсіптік жарамдылық.(профилактикалық және ағымдық медициналық тексерулер)
  1. Ересектерге арналған стационар алмастырушы 32 кереует орындық күндізгі стационар.

Есірткі құрамдас және психотропты заттарды алу, сақтау және жою жұмыстарын жүргізуге «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министірлігінің Павлодар облысы бойынша фармацевтикалық қызметті қадағалау департаментінің комитеті »ММ -мен берілген мемлкеттік лицензиясы бар.

 

 

 

Емханадағы дәрігердің орта еңбекақысы келесіні құрады:

 

Дәрігерлердің категориясы 2013 жыл 2014 жыл

Дәрігер ЖБШНЫК-мен

132 900,00 151 048,00

Дәрігер ЖБШНЫК-сіз

106 196,00 119 282,00

 

Мекеменің құндылықтары мен марапатттары:

Емхана 2013 жылы «Ғылыми-ақпараттық статистикалық зерттеу орталығы» тәуелсіз ақпараттық-сараптамалық агенттігінің қолдауымен өтетін жыл сайынғы ұлттық бизнес-рейтингке қатысты.

Қазақстан Респбликасы Статистика Агенттігінің 2008 жылдың 20 мамырындағы №67 бұйрығы негізінде ,Экономикалық қызметтер түрінің жалпы классификаторынасәйкес өткізілген статистикалық сараптау нәтижесі бойынша ШЖҚ «Екібастұз қалалық №1 емханасы» КМК Павлодар облысының экономикалық және әлеуметтік саласындағы бес үздік кәсіпорындар қатарына енді.

Емхана көрсеткіштері медициналық ұйымдардың медициналық қызметтері арасынан ең үздігі деп танылды және арнайы элитарлық марапат белгілерімен расталды.

1. «Қазақстан даңқы» орденімен қоғамға деген жоғары қызмет пен алға қарай ұмтылудың үлгісі бола білген, еңбек жетістіктері үшін ШЖҚ «Екібастұз қалалық №1 емханасы» КМК бас дәрігері С.Ж Кабылтаев марапатталды.

2. «Лидер Казахстана» қабырға медалімен кәсіптік қызмет стандарттарындағы жетістіктері, ұжымдық еңбек нәтижелілігі мен денсаулық саласындағы Мемлекеттік бағдарламаларды игеруде қолдау танытқандығы үшін ШЖҚ «Екібастұз қалалық №1 емханасы» КМК ұжымы марапатталды.

3. Еңбек жолындағы «НӘТИЖЕЛІЛІК ҮШІН» медалімен денсаулық сақтау саласындағы еңбегі жоғары жетістіктері және кәсіптік шеберлігі жоғары бағаланған бас дәрігердің емдеудің алдын алу және емдеу ісінің орынбасары марапатталды.

4. «ЖЫЛ МАМАНЫ» кәсіби сертификаты еңбек жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін әйелдер кеңесінің меңгерушісіне табысталды.

2014 жылы ШЖҚ «Екібастұз қалалық №1 емханасы» КМК-ның медициналық ұжымы « SEIN алтынмедалі» конкурсында «медицина және денсаулық сақтау саласындағы жоғары стандарттары үшін» номинациясы бойынша лауреат атанды. Марапаттау рәсімі 18.12.2014 жылы Париж қаласында Ассоциации SEIN ғимаратында өтті.

Емхана ұжымы көп ұлтты және өзінің келесі құндылықтармен мақтанады:

емхана қызметінің басшылық стилі:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің саясатының ізбасары болып табылады, сонымен қатар оны ұжымның өміріне енгізе отырып, мемлекеттің билігінің беделін нығайтады, ел мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі аясында жүзеге асыруға қабылданған мемлекеттік бағдарламаларға сенімсіздік тууға жол бермейді.

2.Өз қызыметінде бас дәрігер заң принціптерін басшылыққа алады;

3.Бас дәрігер ҚР Еңбек Кодексін мүлткісіз сақтайды, өз міндеттерін сапалы орындайды, жұмыс уақытын дұрыс қолданады, өзінің еңбек дисциплинасын сақтай білуін емхана қызметкерлеріне үлгі етеді.

4. бас дәрігер жемқорлықтың қай формасын да болдырмауға қарсы тұрады.

5. күнделікті жұмысында өзінің іс-әрекеттерімен пациенттер мен емхана қызметкерлері тарапынан орынды сынға себеп тудырмауға тырысады.

6. Өзінің қарамағындағы жұмысшыларға нақты мақсаттар мен қызметтік өкілеттілік көлемін белгілейді.

7. Бас дәрігердің беделі мен жоғары кәсібилігі, ұжымға жақсы жағынан әсер етеді.

— медициналық қызметкерлер еңбегін ынталандыру жүйесі дифференциаланған ақы, ЖБШНЫК және сый ақы арқылы жүзеге асырылады.

— бірінші мамандану циклі бойынша емхана қаражаты есебіне қайта оқу мүмкіндігін алу. 2013-2014 жылда емхана қаражаты есебіне 2 дәрігер кардиолог, жүйке жүйесі дәрігері мен функционалді диагностика дәрігері оқытылды.

— Ұжымның дәстүрі мемлекеттік мерекелерді өткізу;