контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; 66-00-97; 66-00-98. e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: Павлодар қ., Российская, к. 57/3

Врачи

Дәреже: Врачи

Сиченко Виктория Николаевна

Сиченко Виктория Николаевна

 

Радиологиялық бөлімшенің меңгерушісі, дәрігер-радиолог

Сиченко Виктория Николаевна 1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. 1993 жылдың 30 шілдесінде Семей мемлекеттік медициналық институтының клиникалық ординатурасын аяқтаған соң, өзінің еңбек жолын дәрігер-анестезиолог лауазымы бойынша Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде бастады. 1997 жылдың 1 қазанында радиология бөлімшесіне радиолог-дәрігер ретінде қабылданды. Ал 2000 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі болып қызмет етеді.Жұмыс істеу барысында төмендегідей білім жетілдіру курстарынан өтті: 2011 жыл – МАГАТЭ курстарында оқу (Мәскеу қаласы) «Радиациялық қауіпсіздік пен клиникалық дозиметрия»; 2013 жыл – «Қатерлі ісіктерді емдеу мен диагностикалаудың жаңа әдістері» СММА ДБЖФ базасы; 2017 жылы – «Сәулелік диагностиканың өзекті мәселелері сонымен бірге балалар жасы», Астана Медициналық университетінің базасында. 2018 жылы – «Клиникалық онкологияның жеке мәселелері», «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» базасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақстанның биологиялық ғылымы» атты ғылыми журналында 4 мақаласы жарияланды. «Қатерсіз ісік ауруларының сәулелік терапиясы» атты практикалық дәрігерлерге арналған әдістемелік нұсқаулықтарының авторы болып табылады. 2016 жылы жоғары біліктілік санатын иеленді.

Кравчук Валерий Анатольевич

Кравчук Валерий Анатольевич

 

Торакальды бөлімшенің меңгерушісі, онкохирург

Кравчук Валерий Анатольевич – жоғары санатты дәрігер, онкохирург (жоғары санаты 2002 жылы берілген, 2007 жылы расталған). 1989 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1989–1991 жылдары СММИ базасында «Онкология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада білім алған. 1991 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде қызмет атқарады. 1994 жылы торакальды бөлімшенің меңгерушісі болып тағайындалған. Новокузнецк, Новосибирск және Алматы қалаларында біліктілігін арттыру курстарынан өткен. 1990 жылы (Ленинград қ.) өткен КСРО гастроэнтерологтарының IV съезіне, 2002 жылы (Алматы қ.) онкология мәселелері бойынша халықаралық конференцияға, 2004 жылы (Минск қ.) ТМД елдері онкологтары мен радиологтарының съезіне, 2007 жылы (Астана қ.) Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының съезіне делегат ретінде қатысқан. Сондай-ақ 2011 жылы (Измир, Түркия) өткен Шығыс Еуропа онкологтарының форумына, 2013 жылы (Томск, Ресей) «Өкпе обырын диагностикалау және емдеу мәселелері» халықаралық конференциясына, 2013 жылы (Омск, Ресей) «Онкологиядағы мультидисциплинарлық тәсілдер» халықаралық конференциясына, 2014 жылы (Алматы қ.) өткен Қазақстан онкологтары мен радиологтарының V съезіне қатысқан. 50-ден астам ғылыми жарияланымның және 16 рационализаторлық ұсыныстың тең авторы. Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас торакальды хирургі. 

Боромбаев Ульфат Толеугалиевич

Боромбаев Ульфат Толеугалиевич

 

Жалпы онкология бөлімшесінің меңгерушісі, онкохирург

Боромбаев Ульфат Толеуғалиевич 1988 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. 1988 жылдан 1989 жылға дейін "Хирургия"мамандығы бойынша Павлодар қаласының № 2 қалалық ауруханасы базасында интернатурада оқыды. Еңбек жолын 1985 жылы Семей станциясының бөлімшелік ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің медбраты лауазымынан бастады, онда 1987 жылғы тамызға дейін жұмыс істеді. Интернатураны аяқтағаннан кейін 1989 жылы 14 тамызда Успенка аудандық ауруханасына хирург дәрігер лауазымына қабылданды. 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде диспансерлік бөлімшенің онколог дәрігері болып жұмыс істеді, ал 2000 жылдың 29 ақпанынан бастап жалпы онкология бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады. Диспансер басшылығының тікелей қолдауымен У.Т. Боромбаев 2014 жылдан бастап бөлімшеде асқазан-ішек жолдарының, әйел жыныс мүшелерінің, несеп-жыныс жүйесінің онкологиялық аурулары кезінде жоғары технологиялық эндобейнехирургиялық операциялар енгізілді және орындалуда, операциялық араласулар жиынтығы үнемі кеңеюде, операциялардың жаңа түрлері енгізілуде.

Трубач Светлана Давыдовна

Трубач Светлана Давыдовна

 

Экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары

Трубач Светлана Давыдовна 1986 жылы Новосибирск халық шаруашылығы институтын «Материалдық-техникалық жабдықтауды экономикалау және жоспарлау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012–2014 жылдары «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК-да қаржы жөніндегі экономист болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылдан бері экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарады.

Аскарова Асель Токмағанбетқызы

Аскарова Асель Токмағанбетқызы

 

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары

2024 жылдан бастап ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары қызметін Аскарова Асель Токмағанбетқызы атқарады. 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған. Оқуын аяқтағаннан кейін Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында дәрігер-статистик қызметінен еңбек жолын бастады. Бұл қызметте мекеме жұмысының көрсеткіштерін талдау, есептілікті қалыптастыру және статистикалық есепті жетілдіру мәселелерімен айналысты. 2017–2018 жылдары Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Қызметі аясында құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жоспарлау, талдау және үйлестіру мәселелерін қадағалап, медициналық көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастыру-әдістемелік іс-шараларды әзірлеуге қатысты. 2019 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде еңбек қызметін жүзеге асырып келеді.

Ибраимова Шолпан Жумабаевна

Ибраимова Шолпан Жумабаевна

 

Мейіргерлік ісі жөніндегі директордың орынбасары

Шолпан Жұмабайқызы Ибраимова 1983 жылы медициналық училищені тәмамдағаннан кейін ПООД-де еңбек жолын бастады. 2001 жылдан бастап диспансердің бас мейіргері қызметін атқарды. 2021 жылы «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ-да мейіргерлік ісі мамандығы бойынша білім алып, денсаулық сақтау бакалавры дәрежесіне ие болды. Сол жылы мейіргерлік ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Альгожин Тельман Бахытович

Альгожин Тельман Бахытович

 

Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары

2018 жылдан бастап бас дәрігердің емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін Тельман Бахытович Альгожин атқарады. 1998–2001 жылдары ПООД-тың ұйымдастыру-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болды. Осы кезеңде Хьюстон қаласындағы (Техас штаты, АҚШ) Бейлор медициналық колледжінің әріптестерімен бірлесіп, халықаралық стандарттарға сәйкес өңірлік популяциялық қатерлі ісік тіркелімін зерттеу және әзірлеу жұмыстарына тікелей қатысты. Сонымен қатар ПООД-тың торакалдық бөлімшесінде хирургиялық және емдеу қызметін қоса атқарды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

бiрiншiсi 1 2 кел. соңғысы соңғысы