контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; 66-00-97; 66-00-98. e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: Павлодар қ., Российская, к. 57/3

Врачи

Дәреже: Врачи

Лозовой Виталий Виталиевич

Лозовой Виталий Виталиевич

 

Анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі

1983 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Семей мемлекеттік медицина институтына «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1989 жылы бітірді. 1989 жылдың тамыздың 1-і мен 1990 жылдың шілденің 1-і аралығында Семей мемлекеттік медицина институтының интернатурасында «Терапия» мамандығы бойынша оқыды. В.В. Лозовой еңбек жолын 10.10.1988 жылы Семей қ. ет комбинатының медсанбөлімінде неврологиялық бөлімшесінің медағасы болып бастады, онда 06.05.1989 жылға дейін жұмыс істеді. 1991 жылғы 1 тамыздан 1994 жылғы 7 қарашаға дейін Семей облысы Новая-Шульба ауылының ОАА анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істеді. 1994 жылдың 1-нші қарашасында Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне реаниматолог дәрігері болып жұмысқа қабылданды. 1998 жылдың 7-нші тамызынан бастап анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. В.В. Лозовой – жоғары біліктілік санатты анестезиолог дәрігері. 16 баспа жұмысының авторы.

Оразалина Жазира Айбековна

Оразалина Жазира Айбековна

 

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі

2018 жылы «Астана медицина университетін» «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша тәмамдады. Оқуын аяқтағаннан кейін Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының емдеу бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы қызметінен еңбек жолын бастады. 2019 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде жұмыс істейді, ұйымдастыру-әдістемелік қызмет саласында кәсіби қызметін жалғастыруда. 2024 жылдан бастап ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі болып табылады.

Темиргалиева Акжаркын Амерхановна

Темиргалиева Акжаркын  Амерхановна

 

Ультрадыбыстық диагностика бөлімінің меңгерушісі

1993 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын дәрігер-терапевт қызметінен бастады. 2013 жылдан бастап ультрадыбыстық диагностика саласында жұмыс істейді. 2016 жылдан бері ультрадыбыстық диагностика бөлімінде қызмет атқарады. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК-да ультрадыбыстық диагностика бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Ибраимова Жайнагуль Кадырмолдиновна

Ибраимова Жайнагуль Кадырмолдиновна

 

Клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі

1993–1999 жылдары СММУ-де білім алды. Университетті аяқтағаннан кейін «Жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша резидентураға түсті. Резидентураны тәмамдаған соң Семей қаласындағы Перинаталдық орталықтың клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде зертхана меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Мукушева Айгуль Хамитовна

Мукушева Айгуль Хамитовна

 

Цитологиялық зертхананың меңгерушісі

1994 жылғы 4 тамыз бен 2000 жылғы 29 маусым аралығында Ақмола мемлекеттік медицина академиясында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алды. 2000 жылғы 1 қыркүйектен 2001 жылғы 30 маусымға дейін Ақмола мемлекеттік медицина академиясында «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша интернатурада оқыды. 2001 жылғы 17 шілдеде Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне цитологиялық зертхананың дәрігер-лаборанты қызметіне қабылданды. 2009 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК-да цитологиялық зертхананың меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Чакенова Баян Канатовна

Чакенова Баян Канатовна

 

Сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі

Орта мектепті бітіргеннен кейін 1986 жылы Павлодар медициналық училищесіне оқуға түсіп, 1989 жылы Павлодар трактор зауытының медсанбөлімшесінің аға медбикесі лауазымында еңбек жолын бастады. 1990 жылы Семей мемлекеттік медицина институтына емдеу факультетіне "Емдеу ісі" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1996 жылы аталған институттың толық курсын бітірді. 1996 жылдың 1 тамызында Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің рентген кабинетінің рентгенолог дәрігері лауазымына қабылданды. 2013 жылдың 25 қарашасында осы бөлімшенің меңгерушісіне ауыстырылды.

Жансагимов Булат Ержанович

Жансагимов Булат Ержанович

 

Эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі

Кеңес Әскері қатарындағы қызметінен кейін 1992 жылы Семей мемлекеттік медициналық академиясында "Емдеу ісі" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1998 жылы аяқтады. 1995 жылдың 31 желтоқсаны мен 1998 жылдың 17 сәуірі аралығында оқумен қатар Семей қаласындағы СММА клиникасының-облыстық аурухананың қарқынды терапия бөлімшесінде медаға болып жұмыс істеді.            1998 жылдың 28 қыркүйегі мен 1999 жылдың 17 қыркүйегі аралығында Павлодар облысының Ішкі істер органдарында фтизиатр дәрігер лауазымында қызмет атқарды. 1999 жылдың 27 қыркүйегінен бастап 2011 жылдың 21 қарашасына дейін Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің Анестезиология бөлімшесінің анестезиолог-реаниматологы болып жұмыс істеді. 2011 жылдың 22 қарашасынан 2012 жылдың 17 қазанына дейін Павлодар қаласында облыстық туберкулезге қарсы диспансерді басқарды. 2013 жылдың 4 қарашасы мен 2014 жылдың 1 сәуірі аралығында Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінде Анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болып еңбек етті. 2014 жылғы 1 маусымда Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне анестезиолог және реаниматолог дәрігер лауазымына қайта қабылданды, ал 2014 жылғы 1 қазаннан бастап эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады.

Черняков Сергей Станиславович

Черняков Сергей Станиславович

 

Патоморфологиялық зертхана меңгерушісі, патологоанатом дәрігер

1999жылдан бастап ПООД-да патологоанатом дәрігер болып қызмет атақарды. 1998 жылы Астана қаласының мемлекеттік медициналық академиясын аяқтады. 1999 жылы АМДБЖИ базасында алғашқы маманданудан өтті. Соңғы тақырыптық жетілдірілуі 2006 жылы "Иммуногистохимиялық техниканың негіздері және нәтижелерді түсіндіру" тақырыбы бойынша Санкт-Петербург қаласының Орталық ренгтгенрадиологиялық ғылыми-зерттеу институты базасында өтті. 2004 жылы патологоанатом дәрігердің екінші біліктілік санаты берілді. 2003 жылдан бастап патоморфологиялық зертханасының меңгерушісі қызметін атқарады.

Джаманбаев Марат Габдулаевич

Джаманбаев Марат Габдулаевич

 

Операциялық блоктың меңгерушісі

Екінші санатты онколог хирург дәрігер. 1999 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық академиясын аяқтады. 1999-2000 жылдар аралығында Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өтті. 2000 жылы Павлодар облыстық онкологиялық диспансердің диспансер бөлімшесіне онколог хирург дәрігер болып қабылданды. 2000 жылы АМДБЖИ базасында "Онкологиялық ауруларды диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістері", 2002 жылы "Кеуде қуысы және сүт безі ісіктерінің таңдаулы мәселелері", 2003 жылы СММА ПФ базасында "Эндоскопиядағы диагностиканың және медеудің таңдаулы мәселелері"қырыбында маманданудан өтті. Бірнеше баспа жұмыстарының серіктес авторы.

Борисенко Сергей Владимирович

Борисенко Сергей Владимирович

 

Диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі

Борисенко Сергей Владимирович 1996 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Ақмола мемлекеттік медицина академиясына «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2002 жылы бітірді. 2002 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2003 жылдың 18 маусымына дейін Қазақ мемлекеттік медицина академиясында «Уролог» мамандығы бойынша интернатурада оқыды. 2005 жылғы 27 маусымда Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне қабылданды, онда қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді: 27.06.2005ж.-02.04.2007ж. аралығында - диспансерлік бөлімшенің облыстық қабылдау онколог дәрігері; 02.04.2007 ж.-10.09.2018 ж. - онколог-маммолог дәрігері; 2018ж.10.09. бастап диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі қызметін атқарады. С.В. Борисенко – жоғары біліктілік санаттағы онколог дәрігері.

Сулейменов Мурат Куснуллович

Сулейменов Мурат Куснуллович

 

«ПООД» ШЖҚ КМК директоры

1978 жылы Қарағанды медициналық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын дәрігер-онколог ретінде бастаған, жоғары кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1984 жылы Павлодар өңірінің онкологиялық қызметін басқарды.

М.К. Сүлейменов – 40 ғылыми мақала мен ғылыми-практикалық еңбектің, 2 өнертабыстың және 6 рационализаторлық ұсыныстардың авторы. 1987 жылы «Отличник здравоохранения СССР» атағына ие болды. «Шапағат» медалімен (2005 ж.), «Отличник здравоохранения Республики Казахстан» төсбелгісімен (2008 ж.), «За заслуги перед областью» белгісімен (2005 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Отличник здравоохранения – менеджер» дипломымен (2013 ж.), «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен (2014 ж.), «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2014 ж.), «Звезда Славы Экономика Казахстана» орденімен (2014 ж.), «Бірлік» алтын медалімен (2015 ж.) марапатталған. 2014 жылы Мурат Күснуллович Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы үздік менеджері атанды. 2016 жылы «За заслуги в области здравоохранения» орденімен марапатталды.

Дуйсенбинов Еркин Райзаевич

Дуйсенбинов Еркин Райзаевич

 

Химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-химиотерапевт

Дуйсенбинов Еркин Райзаевич 2009 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық академиясын, ал 2010 жылы акушер-гинеколог біліктілігін берумен интернатураны аяқтады.  2010 жылы «Онкология» мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтті. 2010 жылдан бастап Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде онколог дәрігері лауазымында, ал 2018 жылдан химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарады. Клиникалық онкология мәселелері жөніндегі кәсіби сараптамалық кеңестердің сарапшысы, кәсіби онкологиялық қауымдастықтардың, Қазақстан онкологтар қауымдастығының (European Society for Medical Oncology (ESMO), American Society of Clinical Oncology (ASCO), Ресей клиникалық онкология қоғамының (RUSSCO) мүшесі болып табылады.

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы