Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Автор: Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
2016 жылғы 28 қазанда Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бақауов, әкімнің орынбасары М.М.Бегентаев және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ.Қасымовтың қатысуларымен Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерге баруы өтті.
28-10-2010 09:00
 2016 жылғы 28 қазанда Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бақауов, әкімнің орынбасары М.М.Бегентаев және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ.Қасымовтың қатысуларымен Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерге баруы өтті.

Тұрғындарда Психикалық денсаулық және психиатриялық көмек мәселелері қалыптасқан, негативті қарым-қатынастардан арылту мақсатында, Павлодар облысында 1993 жылы жеке тұрған Балалардың, жасөспірімдердің және олардың отбасыларының психикалық денсаулық орталығы құрылды, бұл жерде бала тұрғындары білікті медикалық-психологиялық көмек алады. Бала кезінде жүйке-психикалық патологияны жақсы емдеген жағдйада, ересек жасқа келгенде психикалық ауытқушылық ауруларын алдын алуға септігін тигізеді.

Балалардың психикалық денсаулық орталығының басты міндеттері – қала және облыстағы балалар және жасөспірім халқына мамандандырылған психикалық және психоневрологиялық көмек, алдын алу және сауықтыру көмектерін көрсету.

Орталықта бала жасындағы жүйке-психикалық бұзылыстарды табу және емдеу жөніндегі жұмыстары жүргізіледі, мысалы, тартылу, энурез, сөйлеудің бұзылуы, қорқыныш, бала неврозы, мектепке бейімделудің қиындықтары және т.б.

Орталықтың құрылымында тәулікбойы стационарда 10 төсек, күндізгі стационарда 50 төсек бар, сонымен қатар диспансерлік бөлімше қызмет етеді.

Дифференциалды жүйе режимінің және жеке жол табу арқасында психикалық даму ерекшелітері мен оның ақырынжар әлеуметтенуі бала ның бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтуге жетіліп отыр.

Орталықта жоғары білікті дәрігерлер, үлкен практикалық тәжірибесі бар психологтар, логопед, педагогтар жұмыс істейді.

психиатриялық, психотерапиялық, психологиялық көмек көрсетуден басқа, ата-аналармен олардың балаларының мәселелері бойынша кеңес өткізіледі, балалар үйлерінен, мамандандырылыған балалар бақшасынан және интернат балаларына кеңес және оңалту көмектері көрсетіледі.

Балалардағы дамудың бұзушылықтарын ерте кезден табу және дұрыс емдеу-алдын алу шараларын уақытылы бастау жүргізілген емнің аса тиімділігіне қол жеткізу мүмкіндігін беред.і

Балалардың, жасөспірімдердің және олардың отбасыларының психикалық денсаулық орталығымен бірге бір ғимаратта 2014 жылы Дағдарыс орталығы орналасып, негізделген.

«Дағдарыс орталығы» жұмыс жааған уақытыр аралығында 14849 адам келген. Ең негізгі себеп-салдарының бірі психикалық денсаулыққа байланысты, отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас, сондай-ақ кәсіби сала мен оқу қызметіндегі мәселелер.

Дағдарыс орталығы жұмысының бір бағыты – дағдарыс жағдайға душар болған, балалар мен жасөсіпірмдер арасындағы суициалды белсенділікті алдын алу, кәмелеттік жасқа толмағандарға психологиялық көмек көрсету. Орталық мамандарымен «Сенім телефоны» өтініштері барысында 1445 кәмелеттік жасқа толмағандарға психологиялық көмек көрсетілді, сондай-ақ психологиялық кеңес беру кабинеттерінде жеке кеңестер берілді. Сенім телефоны 8 800 080 34 34.