Автор: Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
03.03.2020

Конкурстық комиссия  ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК директоры – бос лауазымға орналасу конкурсына қатысуға үміткерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне ұсынылған құжаттарды қарап, шешім қабылдады: 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қарашада «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы»  № 5945 болып тіркелгенҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы                                  26 қарашадағы  №791 бұйрығына сәйкес, ұсынылған құжаттар медициналық ұйымның басшысына (директорға, бас дәрігерге) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмегендіктен, Тампишева Гүлсара Қайратқызы әңгімелесуге жіберілмеуі туралы

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының  ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК директорының бос лауазымына орналасу жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілді (құжаттар біліктілік талаптарына сәйкес келеді):

-Күзеков Ардақ Мүбәракұлы

-Шәріпов Ерлан Қуанышпайұлы

Әңгімелесу 2020 жылғы 03 наурызда Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2 мекенжайы бойынша«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 4 қабаттың селекторлық залында сағат 12.00-де өтеді.