«Павлодар облысының Медициналық
қауымдастығы «Саламатты Павлодар»
қоғамдық бірлестігі мүшелерінің
конференциясының хаттамасымен
бекітілген.
21.11.2013 ж.______№ хаттама
«Павлодар облысының Медициналық қауымдастығы «Саламатты Павлодар» қоғамдық бірлестігінің
ЖАРҒЫСЫ
- Жалпы ережелер
- «Павлодар облысының Медициналық қауымдастығы «Саламатты Павлодар»қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі Қауымдастық) Павлодар облысы денсаулық сақтау жүйесінің медициналық және медициналық емес қызметкерлерінің (бұдан әрі денсаулық сақтау мамандары) құқықтары мен заңдылық мүдделерін қорғау мақсатында өз еріктерімен бірлескен азаматтар мен заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестік мүшелігінің негізінде құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым.
- Қауымдастық Павлодар облысы мен Павлодар қаласының аумағында әрекет етеді.
- Қауымдастық атауы:
Мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Павлодар облысының Медициналық қауымдастығы «Саламатты Павлодар» Қоғамдық бірлестігі».
Орыс тіліндегі толық атауы – «Общественное объединение «Медицинская ассоциация «Саламатты Павлодар» Павлодарской области».
Ағылшын тіліндегі толық атауы – «Public organization Medical associatiоn of Pavlodar region «Salamatty Pavlodar».
- Қауымдастық өз қызметін Қазақстан Республикасы Ата заңына, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қыркүйектің 18-күнгі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың «2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне және осы жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
- Қауымдастықтың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140 000 Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Луначарский көшесі, 1
- Қауымдастықтың заңды мәртебесі
- Қауымдастық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өзінің заңды тұлға ретіндегі құқығына ие болады.
2.2 Қауымдастық өз меншігінде мүлікке ие бола алады, мүліктік және жеке мүліктік құқыққа ие болып, сотта шағымданушы немесе жауапкер бола алады. Қауымдастықтың өзінің жеке балансын, есепшотын, соның ішінде валюталық және банктік есепшот, ұйым атауы бар мөр, штамп, белгіленген тәртіптегі бланкілерді иемдену құқығы бар.
- Қауымдастықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Павлодар облысының аумағында өз филиалдары мен уәкілеттіліктерін құру құқығы бар.
- Қауымдастық өз қызметінен қандай да бір пайда табуға және ол пайданы қауымдастық мүшелерінің арасында таратуды өзінің басты мақсаты етпейді.
2.5. Қауымдастық мүшелері ұйымның міндеттемелеріне, ал Қауымдастық өз мүшелерінің міндеттемелері үшін жауап бермейді.
- Қауымдастық қызметінің мән-мағынасы мен мақсаты
3.1. Қауымдастық қызметінің мән-мағынасы болып:
— Қауымдастық мүшелерінің белсенді кәсіби және қоғамдық қызметі үшін жағдайлар жасау;
— Қауымдастық мүшелерінің кәсіби, әлеуметтік, заңды құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
— медицина қызметкері мамандығын дәріптеу табылады.
3.2. Қауымдастықты құру мақсаты қызметі болып:
— медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту;
— жоғары кәсібилік, гуманизм мен қайырымдылық негізінде медицина мамандығының мәртебесі мен әлеуметтік маңызын арттыру;
— халық денсаулығын сақтау мақсатында медицина ғылымы мен тәжірибесін дамытуға қатысу;
— денсаулық сақтау саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерді зерттеу;
— жаңадан пайда болған альтернативті денсаулық сақтау құрылымдарын қолдау;
— медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау мамандарының әлеуметтік-экономикалық және кәсіби мүдделерін қорғау;
— қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және жүзеге асыру табылады.
3.3. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қауымдастық келесі міндеттерді атқарады:
— халық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыпт астыруға қатысу;
— отандық денсаулық сақтау жүйесін демократизациялауға атсалысу;
— денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша келешекті және ағымдағы бағдарламаларды жасауға қатысу;
— медицина қызметкерлеріне біліктілік санатын тағайындауға арналған аттестацияларға қатысу;
— медициналық көмек сапасы, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен даярлау критерийлерін анықтау стандарттарын жасауға қатысу;
— барлық деңгейдегі медициналық кадрлардың практикалық қызметі мен оларды даярлау жүйесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасау;
— медициналық қызмет көрсету сапасы туралы халықтың көзқарасын зерттеу;
— медицина қызметкерлерінің өз кәсіби парызын орындау кезіндегі адамгершілік және этика қағидаларының бұзылу жағдайларымен күреске қатысу;
— адам денсаулығына қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін әрекеттерге баратын әртүрлі ұйымдардың іс-әрекетіне қоғамның және құзіретті органдар мен жеке тұлғалардың назарын аударып, олардың жұмысын тоқтатуға мақсат қою;
— Жер жүзінде бейбітшілікті сақтау, экологиялық мәселерді шешу, т.с.с сұрақтар бойынша қоғаммен өзара байланыста болу;
— халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
— отандық денсаулық сақтау тарихын, медицинадағы халық дәстүрін зерттеу және олардың дамуына атсалысу;
— денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша семинарлар мен ғылыми конференциялар ұйымдастыру және оларға қатысу;
— денсаулық сақтау мамандарының кәсіби мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;
— аймақтағы емдеу-алдын алу ұйымдарындағы (бұдан әрі ЕАҰ) медицина қызметкерлерінің байланысын бекіту;
— алыс және жақын шетелдердегі медицина ұйымдарымен байланысты бекіту;
— іскери ынтымақтастық мақсатында медицина қызметкерлерінің халықаралық қоғамдық ұйымдарымен, шетел фирмаларымен, бірлестіктерімен, кәсіпорындарымен және қорларымен байланыс орнату;
— медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасына тәуелсіз сараптамалар жүргізу.
3.4. Өз мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Қауымдастық:
— денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерді, заң жобаларын, бағдарламаларды қарастыратын сессиялар, коллегиялар, комиссиялар т.б. формалардың жұмысына қатысуға;
— өз әрекеті бойынша ақпараттарды еркін таратуға;
— Қауымдастық мүшелерін сайланбалы және мемлекеттік органдардың жұмысына қатысуға үміткерлікке ұсынуға;
— қоғамдық өмірдегі әртүрлі мәселелер бойынша бастамалар көтеріп, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына ұсыныстар енгізуге;
— медициналық қызметкерлер жұмысының сапасын және кәсіби әрекеттерін бақылаужүйесі бойынша республикалық стандарттарды жасау және енгізуге атсалысуға;
— Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңында қарастырылған өкілеттіліктерін толық көлемде жүзеге асыруға;
— мемлекеттік органдар мен сот орындарында, жергілікті басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктерде өз құқықтары мен өз мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
— Қауымдастық мүшелерінің кәсіби әрекеттерін акредитациялау, сараптау кезінде, олардың аттестациядан, сертификаттау мен лицензиялаудан өту кезінде мүдделерін қорғауға;
— семинарлар, семинарлар, конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастырып өткізу, Қауымдастық мүшелерін тәжірибе және ақпарат алмасу мақсатында әртүрлі медицина мекемелеріне, соның ішінде шетел мекемелеріне жіберуге;
— республикалық және шетелдік қоғамдық бірлестіктермен байланыс орнатып, делегациялармен ауысып, өз мүшелерін халықаралық көрмелер мен семинарларға, конференциялар мен әртүрлі шараларға жіберуге;
— денсаулық сақтау мамандарының этикалық нормаларды бұзу жағдайларымен байланысты мәселелерді шешуге атсалсуға;
— денсаулық сақтау саласындағы аттестациялық, біліктілік комиссияларының жұмысына қатысуға;
— денсаулық сақтау мамандарының азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да құқықтарын қорғап, олардың құқықтары бұзылған жағдайда оларға заңдық, әлеуметтік және қоғамдық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге;
— медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау мамандарының еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақысының дұрыс төленуін бақылау, оларға заңды түрде тиесілі жеңілдіктер мен өтемақылардың төленуін қадағалауға;
— медицина қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында Қауымдастықтың қаржысын тұрғын үй құрылысына бағыттауға;
— денсаулық сақтау мамандарын үздіксіз оқыту (біліктілігін арттыру) жүйесін дамытуға атсалысуға;
— медицина және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ақпараттарды жинап, зерттеу, оларды барлық мүдделі тұлғалар, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар мен қауымдастықтарға тарату;
— бұқаралық ақпарат құралдарын құрып, Қауымдастықтың мақсаты мен міндетіне сай баспа ісімен (газет, ғылыми-практикалық, арнайы, ғылыми-танымдық журналдар, бюллетендер; аудио, бейнежәне компьютерлік бағдарламалар) айналысуға;
— бұқаралық ақпарат құралдарына денсаулық сақтау мәселелерін жариялауға;
— әртүрлі ұйым, қозғалыс, сала өкілдерімен кездесулер, семинарлар, симпозиумдар, конференциялар, конкурстар, аукциондар, жәрмеңкелер және басқа да мәдени-сауық шараларын ұйымдастырып, өткізуге;
— өз бағдарламаларын жасап, жүзеге асыруға;
— қайырымдылық акцияларына қатысуға;
— денсаулық сақтау мекемелері мен органдарының жұмысы туралы қоғамдық пікірлерді зерттеп, талаптарды ескере отырып, нақты іс-шаралардың жоспарын құруға;
— түсіндіру жұмыстары арқылы ерікті жарналар мен ақшалай қайырларды жинап, оларды жағы мақсаттарын жүзеге асыруға жұмсауға;
— емдеу мекемелерінің жұмысына жаңа экономикалық принциптерді енгізу, сақтандыру медицинасын енгізу сияқты ұсыныстарды жасап, оларды мемлекеттік үкімет пен жергілікті басқару органдарына ұсынуға құқылы.
3.5. Өзінің жарғылық іс-әрекеттерін жүзеге асыру шеңберінде Қауымдастық:
— Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ жарғыда көрсетілген нормаларды сақтауға;
— өз мүшелеріне олардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
— тіркеуші органдарды өздерінің мекен-жайларының өзгеруі, басшыларына қатысты өзгерістер жөнінде бірыңғай мемлекеттік тіркелімге енетін мәліметтер көлемінде хабардар етуге міндетті.
3.6. Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда Қауымдастық азаматтардың жынысы, жасы, түр-түсі, нәсілі, тілі, дінге қатысы, әлеуметтік жағдайы, денсаулық жағдайы мен жұмыс істеу қабілетіне қарамастан әрекет етеді.
3.7. Қауымдастық өз қызметінің мән-мағынасы мен мақсатына қарама-қайшы келетін іс-әрекеттер мен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы жоқ.
- Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
4.1.Қауымдастық мүшелері болуы мүмкін:
— нақты
— құрметті
Нақты мүшелері болып дипломы бар медицина қызметкерлері мен арнайы немесе жоғары білімі бар денсаулық сақтау жүйесінің медициналық емес қызметкерлері табыла алады.
Құрметті мүшелері болып отандық денсаулық сақтау саласына маңызды үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары сайлана алады. Сондай-ақ Құрметті мүшелікке медициналық ғылым, білім беру, денсаулық сақтау саласына белсене атсалысып, аймақтың денсаулық сақтау ісіне, өзара ынтымақтастықты дамытуға үлесін қосқан шетел азаматтары сайлана алады.
- Қауымдастық мүшелерінің сандық құрамының тізімін Қауымдастық төрағасы жасауға және сақтауға міндетті.
- Қауымдастық мүшелері болып табылатын жеке тұлғалардың басқа мүшелермен құқықтары тең және тең міндеттерді орындайды.
- Қауымдастық мүшелігіне дауыс беру арқылы Қауымдастық кеңесінің шешімімен қабылданады. Жеке тұлғаларды Қауымдастыққа қабылдау жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.
- Қауымдастыққа кіруге шешім қабылдаған денсаулық сақтау субъектісінің ұжымы өз шешімін әр жұмыскердің қолы қойылған тізімді беру арқылы растай алады.
- Қауымдастық кеңесі өз қарауы бойынша жаңа адамдарды Қауымдастыққа қабылдау немесе қабылдамау жөнінде шешім шығарады. Қауымдастыққа қабылдауға өтініш білдірген тұлғаның талабы бойынша Қауымдастық төрағасы осы мәселенің шешімі қабылданған хаттамадан көшірме беруге міндетті.