ШЖК «Павлодар облысының хосписі»КМК өз пациенттеріне ғана емес, сондай-ақ қызметкерлеріне де әрдайым қолдау көрсетуді мақсат етеді. Жас мамандарды әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында Жоғары медициналық колледждің түлегі, жас қызметкеріміз Киреева Надежда Петровнаға 500 000 теңге көлемінде сертификат табысталды.
Біз жас мамандардың хосписімізді таңдап, өмірінің ең қиын кезеңінде адамдарға өз білімін, күш-жігерін және жанашырлығын арнауға дайын екеніне қуаныштымыз. Қызметкерлерге қамқорлық көрсету – біздің миссиямыздың ажырамас бөлігі, өйткені тек ұжымды қолдау арқылы ғана пациенттерімізге сапалы әрі лайықты күтім көрсете аламыз.
Павлодар облысының хосписі кәсібилікті, іске адалдықты және адамдарға шынайы көмек көрсетуге деген ұмтылысты жоғары бағалайды.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя