контакт: 8(718)2208854 bpp-pav@mail.ru Пациенттерді қолдау бойынша байланыс орталығы: 87084667905 жұмыс кестесі: 08:00-17:00
адрес: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 49/6
7 сәуір – Денсаулық күні
07-04-2025 16:04

7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күні және салауатты өмір салтын насихаттау аясында ШЖК «Павлодар облысының хосписі» КМК қызметкерлері таңғы жаттығуға қатысты. Айта кету керек, мұндай дене шынықтыру шаралары мекемеде жүйелі түрде, апта сайын өткізіледі.

Ортақ жаттығулар қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, еңбекке қабілеттілігін арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Іс-шара достық және жағымды атмосферада өтіп, ұжымды белсенді әрі салауатты өмір салты идеясы төңірегінде біріктірді.

ШЖК «Павлодар облысының хосписі» КМК қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайды және жеке үлгіні кәсіби әрі әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бөлігі деп санайды.