контакт: 8(718)2208854 bpp-pav@mail.ru Пациенттерді қолдау бойынша байланыс орталығы: 87084667905 жұмыс кестесі: 08:00-17:00
адрес: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 49/6
Еңбекті қорғаудың бірыңғай күні
30-07-2026 16:44
Еңбекті қорғаудың бірыңғай күні

Еңбекті қорғаудың бірыңғай күні аясында қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі, адам өмірі мен денсаулығын сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне назарын аудару мақсатында, 2026 жылғы 30 шілдеде «Павлодар облысының Хосписі» ШЖҚ КМК-да келесі іс-шаралар өткізілді:

  • Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу тақырыбында ұжымға арналған тақырыптық семинар өткізілді – әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысының орынбасары Қаждаров Д.М.
  • Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың қызметкерлермен кездесуі өткізілді – Қаждаров Д.М., Архипова В.А.
  • Ықтимал тәуекелдер мен қауіпті өндірістік факторларды анықтау мақсатында жұмыс орындарына тексеру жүргізілді – Қаждаров Д.М., Архипова В.А.
  • Жеке қорғаныш құралдарын дұрыс қолдану бойынша көрсетілім ұйымдастырылды – бас мейіргер Архипова В.А.
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚжЕҚ) бойынша жоспардан тыс нұсқама өткізілді – Қаждаров Д.М., Архипова В.А.