Республика күні — еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін бейнелейтін маңызды мереке. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды қадам болды.
Бұл күн бізге бейбітшіліктің, бірліктің, бостандықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің қадірін еске салады.
Павлодар облыстық хосписінің ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды! Әр шаңыраққа зор денсаулық, амандық, береке, мейірім мен бақыт тілейміз. Елімізде әрдайым бейбітшілік, татулық пен өзара түсіністік орнасын! Қазақстанымыз гүлденіп, өркендей берсін!
Республика күні құтты болсын, аяулы Қазақстан!
