контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодарская область, Железинский район, село Железинка, ул. Квиткова 50.
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы
11-05-2023 08:59
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қарашада № 21642 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 123-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтары мен кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министріА. Цой

 

                Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2020 жылғы 13 қарашасы

№ ҚР ДСМ-194/2020 Бұйрыққа

1-қосымша

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 123-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына (бұдан әрі - МСАК) жеке тұлғаларды бекіту тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.08.2022 № ҚР ДСМ-76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әкімшілік-аумақтық бірлік – ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

 

      3) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

      4) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) еңбекші көшіп-қонушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің азаматы болып табылатын, өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын басқа мүше мемлекеттің аумағында заңды түрде жүрген және заңды негізде еңбек қызметін жүзеге асыратын адам;

      7) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      8) МСАК көрсететін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі (бұдан әрі – жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі) –жаңа немесе қолданыстағы объектіні өзгерту жолымен алғаш рет ашылған МСАК объектісі;

      9) сақтандыру ұйымы – уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) сақтандырылған адам – өзіне қатысты ерікті медициналық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

      11) цифрлық денсаулық сақтау субъектісі – цифрлық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе қоғамдық қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар.

      12) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған объектісі.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2021 № ҚР ДСМ-125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.08.2022 № ҚР ДСМ-76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. МСАК ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:

      1) қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты;

      2) МСАК аумақтық қолжетімділігі;

      3) аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;

      4) пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы;

      5) меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, тең құқықтылық және адал бәсекелестік қағидаттарымен жүзеге асырылады.

      3-1. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, босқындарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде медициналық көмек алуға құқығын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

 

      Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, баспана іздеген адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту:

      ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЕМС) шеңберінде МСАК;

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, баспана іздеген тұлғалардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін және медициналық көмектің көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21407 болып тіркелген) бекітілген тізім бойынша және көлемде ТМККК шеңберінде медициналық көмек;

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.07.2021 ҚР ДСМ - 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығын іске асыру үшін жеке тұлғаларды бекіту бір МСАК ұйымына жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ТМККК шеңберінде, Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп-қонушылар мен олардың отбасы мүшелеріне ЕМС шарты бойынша МСАК көрсету ТМККК шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көрсетуге қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – медициналық қызметті сатып алу шарты) және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін мәліметтерді алу (немесе) беру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйесі бар МСАК ұйымы жүзеге асырады.

      МСАК ұйымына жеке тұлғаны бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.07.2021 ҚР ДСМ - 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұратын балалар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдар аумақтық қызмет көрсету аймағында көрсетілген ұйымдар орналасқан МСАК ұйымдарына облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі - денсаулық сақтау басқармасы) шешімінің негізінде көрсетілген ұйымдар орналасқан аумақтық қызмет көрсету аймағында МСАК ұйымдарына бекітіледі (бұдан әрі - бөлу туралы бұйрық).

      Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген тұлғаларды бекіту жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында оларға бекітілген қызмет көрсету аймақтары бар МСАК ұйымдарының тізімін қамтитын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармасының шешімі негізінде жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат болмаған жағдайда тіркеу куәлігінің (ЖСН) көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2021 № ҚР ДСМ-125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған жеке тұлға бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.

      Бұрынғы МСАК ұйымында келесі жылға қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты болмаған жағдайда бекіту жыл сайын қорға 20 қарашадан кешіктірмей ұсынылатын бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылданған МСАК ұйымдарына нақты тұру орны бойынша аумақтық қолжетімділікті ескере отырып жүзеге асырылады.

      Бөлу туралы бұйрықты ескере отырып, қабылданған бекіту кампаниясының қорытындысы бойынша қордың филиалында құрылған медициналық қызметтердің көлемін таңдау және орналастыру жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – өңірлік комиссия) Кодекстің 7-бабының 62) тармақшасының негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында (бұдан әрі – Қызметтерді сатып алу қағидалары) көзделген тәртіппен ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету мен көрсетілген қызметтердің көлемін бөлу жөніндегі қызметтер жеткізушілерін таңдау рәсіміне жіберілетін (жіберілмейтін) МСАК субъектілерінің тізбесін айқындайды және бекіту науқанын жүргізу қорытындылары туралы хаттама түрінде шешім қабылдайды.

      Таңдау рәсіміне жіберілген МСАК субъектілері Қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес осы рәсімге қатысады.

      7. Осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жек тұлғаларды бекітуді қордан ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтердің көлемін орналастыру (орналастырмау) қорытындылары туралы хаттаманы (бұдан әрі - орналастыру қорытындыларының хаттамасы) алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде цифрлық денсаулық сақтау саласындағы субъектілер қамтамасыз етеді.