2021 жылғы 25-26 қазан күндері Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Небельцова Павлодар техникалық сервис колледжі және Павлодар монтаж колледжінің 1-курс студенттерімен ішімдік ішудің алдын алу бойынша тренингтер өткізді.
Бұл кездесулер Ұлттық күн - ішімдіктен бас тарту күніне орайластырылған онкүндік аясында өтті. Тренингтің негізгі мақсаты - алкогольді ішімдіктерді қолданудың алдын алуға жастардың назарын аударту, ішімдік салдарының жағымсыздығы туралы хабардар ету және балаларда оны қолдануға теріс көзқарасты қалыптастыру. Тренинг барысында балалар алкоголизм - алкогольді ішімдіктерді жүйелі түрде қолданудан туындаған қатты ауру екенін білді. Алкоголь адам ағзасына ене отырып, барлық органдар мен жүйелердің жұмысын бұзады, атап айтқанда, жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек, тамырлар мен ми зардап шегеді. Ішкіш адамда неврологиялық бұзылулар, физикалық белсенділіктің төмендеуі, ақыл-ой қабілетінің азаюы, репродуктивті (ұрпақ сүю қабілеттілігі) жүйенің бұзылуы кездеседі. Бойға бала бітіру және сау баланы дүниеге әкелу қабілетінен айырылу үшін ішкіш болу міндетті емес. Спирттік ішімдіктердің жаман жері - баяу әрекет етуінде жатыр.
Ал бұл болашақ анаға ғана емес, әкеге де қатысты жайт. Ер адамның алкогольді ішімдікті қолдануы - болашақ баланың денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың бірі болып табылады. Егер алкогольдің аз мөлшері денсаулыққа аса зиян келтірмесе, онда көбейтілген мөлшер ата-ана болу және сау бала туу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Тренинг соңында ішімдіктен бас тартуға көмектесетін ережелер айтылды.