контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: г.Павлодар, улица Батурина, строение 4/1
эндоскопиялық хирургия бойынша біліктілікті арттыру циклы
27-02-2014 04:02
эндоскопиялық хирургия бойынша біліктілікті арттыру циклы

 

2014 жылғы 24 ақпаннан бастап №3 Павлодар қалалық ауруханасында Қазақстан эндохирургия қауымдастығының Президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Орал Базарбайұлы Оспанов басқарған «Астана медициналық университеті» АҚ-ның мамандары эндоскопиялық хирургия бойынша біліктілікті арттыру циклын жүргізуде.

Бұл цикл шеңберінде Павлодар облысы хирургтары үшін мастер-кластар өткізіліп, әртүрлі сырқаттағы асқазанға, өңешке ауыр, жоғары технологиялық кіші инвазиялық оталар жасалып жатыр.

Мұндай циклдарды өткізу «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мүмкін болып отыр.

Бұл мастер-кластар соңғы 3 жыл бойы жүргізіліп келеді, соның арқасында Павлодар облысының хирург дәрігерлері ішперде қуысы мүшелеріне қазіргі заманғы кіші инвазиялық оталар жасауды меңгеріп, іске енгізіп жүр.

Нәтижесінде осыған дейінгі уақытта тек Республикалық ғылыми орталықтарда және шетелде ғана көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмек қазіргі таңда Павлодар облысы тұрғындарына да қолжетімді болып табылады.