контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Емнің сәттілігі олардың қолында
07-09-2015 00:00
Емнің сәттілігі олардың қолында

2 қыркүйекте алғысы мол емделуші Ирина Николаевна Любенко Павлодар облысының әкімі Қ.А. Бозымбаевтың блогына сүйсіне жазған хатын жіберіпті, бұл хат аурухана ұжымы да марқайсын деген ниетпен №3 Қалалық аруханасы әкімшілігіне де жолданыпты.

 

Мен 5-нен 14-ші тамыз аралығында №3 Павлодар қалалық ауруханасының Инсульт орталығында ем қабылдадым. Аса қауіпті сырқаттан емделіп шыққаннан соң, маған ем-дом жасаған тамаша адамдарға алғыс білдірмей кете алмадым.

Біріншіден, өзімді емдеген дәрігерге – бөлімше меңгерушісінің міндетін атқарып жатқан Алмагүл Күмісбекқызы Күмісбековаға зор алғысымды білдіргім келеді. Ем қонып, аман-есен үйге оралуым - әрбірінің, сонымен қатар орта жән кіші буын медицина қызметкерлерінің арқасы деп білемін. Қамқорлық, адамгершілік пен түсіністік танытқандары үшін, пациенттерге деген ақ пейілді қарым-қатынастары үшін ерекше рахметімді аға мейірбике Оксана Николаевна Шестопаловаға, ем-шара мейірбикесі Елена Борисовна Лунеговаға және барлық медицина қызметкерлеріне айтқым келеді. Барлық ақ халатты абзал жандар білгір және жоғарымамандандырылған, өз ісінің кәсіпқойлары. Адал еңбектеріңіз үшін Сіздердің алдарыңызда басымды иемін. Бұл жерде өте жақсы адамдар, тамаша дәрігерлер қызмет жасап жатқандарына сенімдімін.

 

К. Апаев