контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Денсаулық фестивалі: бастысы жеңіс емес!
13-06-2016 10:27
№3 Павлодар қалалық ауруханасында «Денсаулық фестивалі - 2016» шарасы болып өтті. Медицина қызметкерлері үшін Денсаулықты насихаттау мен нығайту бойынша жоспарланған шара 6 маусым күні аурухана аумағында өндірістік дене шынықтырудан басталды. Дене шынықтыру жаттығулары бір апта бойы науқастардың қатысуымен бөлімше бойынша өтті. Дәрігерлер емделушілермен тренингтер, әңгіме дүкен құрып, көңілдерін аулады. Бірінші қабатта теледидардан дұрыс тамақтанудың насихатталуы, физикалық белсенділік және семіруді алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. Денсаулық фестивалінің апталығы 11 маусым күні облыстық медицина қызметкерлері арасындағы V облыстық Спартакиадада аурухананың спорттық құрамасының қатысуымен аяқталды. Қатысушылар да, жанкүйерлер де шын жүректен мерекенің қызығын қызықтап қайтты. Әсіресе, арқан тарту және армреслинг бойынша сайыскерлердің жақтаушылары көп болды. Біздің қатысушыларымыз бірінші кезеңдегі жеңіспен рухтанып алып, келесі кезекті шын ынтамен тосқан еді. Мерекедегі жалпы көңіл-күй, ырғақты әуен мен басқа да медициналық ұйымдарда қызмет ететін әріптестерімен болған әдемі тілдесулер өткен демалыс күндері туралы жақсы әсер қалдырды. Ең бастысы сол ғой!