контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Медицина қызметкерлері шылым шегуге қарсы
01-07-2016 14:33
Медицина қызметкерлері шылым шегуге қарсы
1 шілде күні №3 Павлодар қалалық ауруханасында шылым шегуді алдын алу бойынша кеңауқымды акция болып өтті. Шараның ұйымдастырушылары эпидемиолог дәрігер Л.С. Каримова бастаған топ бұл күнді өткізуге барлық күш-жігерлерін салып дайындалған. Жақсы жағын айту керек, ауруханада бұл сияқты акцияларды өткізу тәжірибесі әбден толып жетілген. Жоспар бойынша, бұл шарадан №3 ПҚА дерлік барлық қызметкерлері қалыс қалмайды, олар, дәрігерлер, мейірбикелер және кіші буын медицина қызметкерлері. Шылым шегудің зияндылығы туралы таныстыру материал эпидемиологтың өзімен жете біліммен әзірленген: 41-ші бетінде нормативтік құжаттар, шылым шегуді алдын алу және шектеу туралы заңнаманың бұзылуына жауапкершілік туралы ҚР Заңының баптары, салыстырмалы мінездемелер және статистикалық мәліметтер болды. Шылым шегу тек адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, денсаулық сақтауға да көп шығын келтіреді. Айтар болсақ, жүз тартылған шылым зиянды өндірістегі бір жыл жұмыспен тең екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, шылымдық өнім жасанды болып табылады екен. Және әлемнің жартыға жуық балалары – бейтарап шылым шегушілер екен. Осы жағдайдың барлығы өзіңізге де, өзгеге де ең дұрыс шешім – шылым шекпеу керектігін ұғындыру керек. Осы және басқа да шылымның зияндылығы туралы айтылған мәселелер дәрігерлер, мейірбикелер тарапынан айтылып, №3 ПҚА ем қабылдап жатқан адамдармен түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.

К. Апаев