контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА холлындағы ақпараттық стенд
08-08-2016 01:44
№3 ПҚА холлындағы ақпараттық стенд
IMG-20160727-WA0002№3 Павлодар қалалық ауруханасының бірінші қабатындағы холлда ақпараттық стенд орналасқан. Экранында күні бойы денсаулық сақтау мекемесінің өмірлік іс әрекеті туралы мағлұмат беретін материалдар көрсетілетін теледидар да жұмыс жасап тұр. Мемлекеттік және орыс тілдерінде, қызмет басшысы туралы мәлімет пен оған жүгінуге арналған телефондары бар толық ақпаратты «Ішкі бақылау және емделушілерді қолдау Қызметі» стендынан алуға болады. Шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік бар және де емделушілерге ыңғайлы болу үшін қалам мен парақтар қойылған. Холлда аурухананың емделушілері де, келушілер де «Саламатты сана» атты, теледидарлық бағдарламалармен танысып, «Қазақстан -Павлодар» телеарнасымен дайындалған «Жаңалықтар-Новости» ақпараттық бағдарламасынан №3 Қалалық аурухана туралы сюжеттерді де тамашалай алады. Бұл жерде семіруді алдын алу, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану туралы бейнероликтер көрсетіледі. №3 ПҚА жұмысы туралы көптеген ақпараттар, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы мәліметтер бар. Сондай-ақ, емделушілердің назарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) мен мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат ұсынылған. Сонымен қатар, барлық материалдар екі тілде әзірленген.

К. Апаев