контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: г.Павлодар, улица Батурина, строение 4/1
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орай
15-11-2016 19:18
№3Павлодар қалалық ауруханасында дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні қарсаңында "Мен – АИТВ-ның алдын алуды қолдаймын!" ұранымен профилактикалық шаралар жүргізілуде. Осылайша, Павлодар ЖИТС орталығымен өткізілген семинарға аурухананың эпидемиолог дәрігері Л. С. Каримова қатысты. Бөлімшелерде тренингтер, медициналық қызметкерлердің АИТВ профилактикасы жөнінде білімін тексеру үшін тестілеу өтеді. Биылғы кампания адамдарды өз хабардарлығын жақсартуға шақырады. Мәселен, №3 ПҚА бірінші қабатында теледидарда бейне роликтер мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі. Олардың басты тақырыбы, ол - жеке қорғану құралдарын (мүшеқаптар) пайдалануды насихаттау, АИТВ-инфекциясының таралу жолдары туралы. Емделушілерге АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылады. Індетті бәсеңдетудің ең жақсы тәсілі – адамдардың мінез-құлқын өзгерту: АИТВ-ның алдын алу бойынша білімді тарату пандемияның алдын алудың негізгі ұтымды амалы болып табылады. ЖИТС-пен науқастану – бұл медициналық шындық, ал ауру себептері, әдеттегідей, әлеуметтік сипатқа ие болады, сондықтан ЖИТС-пен күрес тиімділігін әр алуан органдарың тәртіпке салынған бірлескен жұмысы ғана қамтамасыз етеді. Өкінішке орай, бүгінгі таңда осы мәселенің жақын арада шешілуіне кепіл болатын вакцина да, ешбір болжамы да жоқ. Сондықтан бұл туралы тек қана ЖИТС-тен қайтыс болғандандарды еске алу күнінде ғана емес, сонымен дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінде айту қажет, ал мүмкіндігінше тұрақты.