Еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында №3 Павлодар қалалық ауруханасында ашық есік күндері өтті. Оның өткізілуіне бөлімшелерде үлкен дайындық жұмыстар жасалды. Бұл жайында, жақын маңайдағы үйлердің және мөлтек аудандардың тұрғындары хабарландыру арқылы құлақтандырылды. Аурухананың қабылдау бөлімшесіне келгендерді қабылдау ережесімен және медициналық консультативтік-көмек көрсету бойынша дәрігерлер мен кіші медициналық персонал арасында семинарлар өткізілді. Әрбір ниет білдірген адам, емделушінің туысқаны болсын немесе емделушінің өзі болсын, №3 Павлодар қалалық ауруханасының әкімшілігіне және мамандарға өз мәселелерімен жүгіне алуы үшін, осы тәуелсіздік жылында аурухананың барлық бөлімшелерінде Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің ақпараттық бұрыштары жаңартылды (ЕҚІБҚ). Әрбір қабатта талап пен жазбаша өтініш жазуға барлық жағдайлар жасалған. Таза беттер, қаламсаптар және ұсыныс жазу кітабы да бар. №3 ПҚА бірінші қабатында жұмыс істеп тұған теледидардың экранынан аурухана сайтының жұмысы жөнінде толық ақпарат көрсетіліп тұрады. Облысымыздың тұрғындары мен емделушілер өз сұрақтарына жауап алулары үшін, «Сұрақ - жауап» айдары да белсенді жұмыс істеуде.
К. Апаев