контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған мерекелік іс-шара
19-12-2016 03:05
ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған мерекелік іс-шара
DSC_10282016 жылғы 15 желтоқсан күні сағат 15.00-де Павлодар қалалық ауруханасының ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты мерекесіне жиналды. Мәжіліс-залы тамаша безендірілген, орталық орында – Мемлекеттік рәміздер. Мерекелік іс-шараны жүргізушілер мемлекеттік және орыс тілдерінде ашты. Ең алдымен мемлекеттік әнұран орындалды. №3 Павлодар қалалық ауруханасының бас дәрігері М. Н. Ахметов әріптестерін басты мейрам – Тәуелсіздіктің 25-жылдық мерекесімен құттықтады. Өз құттықтау сөзінде бас дәрігер соңғы өткен жылдарда аурухана қандай жетістіктерге қол жеткізгенің, аурухана ұжымының жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізгенің айтты. Әсем әндер, өлеңдер айтылып мерекелік концерт көңіл-күйді көтерді. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын деген тілектермен салтанатты мерекелік кешіміз аяқталды.

К. Апаев