2020 жылдың 12 мамырында "Павлодар облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК әкімшілігі директор С. Б. Смаковтың басшылығымен кәсіпорын бөлімдеріне барып, медбикелерді Халықаралық медбикелер күні – кәсіби мерекесімен құттықтады.
Советхан Базарұлы әріптестеріне атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, зор денсаулық, еңбекте табыс тіледі. Қан орталығының медбикелерінің ұжымына ДСБ басшысының м. а. Б. С. Досмаиловтың құттықтау сөзі оқылды.
Он нәтиже көрсеткен қызметкерлерге алғыс хаттар, ақшалай сыйлықтар және гүлдер табыс етілді.