контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
Басшы Рустемханов Султан Серикович
09-12-2025 12:19
Басшы Рустемханов Султан Серикович

Рүстемханов Султан Серикович

Байланыс ақпараты:
Павлодар облысы, Павлодар қ., Жетекші ауылы, Орда көшесі 30а
Ұялы телефон: 87719716863
E-mail: sultan_rustemhanov@mail.ru

Жеке мәліметтер:

  • Ұлты – қазақ
  • Отбасылық жағдайы – үйленген
  • Туған күні – 1995 жылғы 17 қаңтар (31 жас)

Білімі:

2025 ж.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ПФККМФД ұйымынан «Денсаулық сақтау менеджері» мамандығы бойынша сертификат алды.

Жоғары білім (магистратура), 2021–2023 жж.
ФГБОУ ВО «Сібір мемлекеттік медицина университеті»
Мамандығы: Менеджмент / Денсаулық сақтауды басқару

Жоғары білім, 2016–2018 жж.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Факультеті: Математика және жаратылыстану
Мамандығы: «Биология»

Арнаулы орта білім, 2011–2015 жж.
Павлодар медициналық колледжі
Мамандығы: Жалпы тәжірибелік мейіргер

2020 ж.
«Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.

Жұмыс тәжірибесі:

  1. 2015 – 08.2018 жж.
    Денсаулық сақтау жүйесінде орта буын маманы қызметтерін атқарды.
  2. 06.08.2018 – 03.2019 жж.
    Цифрландыру жөніндегі менеджер.
  3. 03.2019 – 12.2020 жж.
    Павлодар қаласының №3 емханасында адами ресурстарды басқару және құқықтық қорғау бөлімінің басшысы.
  4. 06.2019 – 12.2020 жж.
    Облыстық жедел жәрдем станциясының ситуациялық орталығының меңгерушісі.
  5. 14.12.2020 – 17.03.2021 жж.
    Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы.
  6. 18.03.2021 – 08.11.2021 жж.
    Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы.
  7. 08.11.2021 – 09.01.2023 жж.
    Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, лицензиялау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.
  8. 13.01.2023 – 09.08.2023 жж.
    «Viamedis Pavlodar» ЖШС ситуациялық-аналитикалық орталығының жетекшісі.
  9. 15.08.2023 – 07.2025 жж.
    «Павлодар қаласының №3 емханасы» ШЖҚ КМК медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің меңгерушісі.
  10. 01.07.2025 – 12.2025 жж.
    «Успен аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі басшы орынбасарының міндетін атқарушы.
  11. 09.12.2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін
    «Ертіс аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК басшысы.

Марапаттары:

  • 2018 ж. – Денсаулық сақтау жүйесіндегі үздік ІТ-маман ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің дипломымен марапатталды.
  • 2020 ж. – «Ең адал мемлекеттік қызметші» байқауында жеңімпаз атанып, грамотамен марапатталды.
  • 2021 ж. – Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • 2021 ж. – «Нұр Отан» партиясы Павлодар филиалы төрағасының алғыс хатымен марапатталды.
  • 2022 ж. – «Аманат» партиясының атқарушы хатшысының алғыс хатымен марапатталды.

Қосымша мәліметтер:

  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген
  • Ағылшын тілі – сөздікпен
  • В санатындағы жүргізуші куәлігі бар
  • Компьютерді жетік меңгерген
  • Медициналық ақпараттық жүйелермен еркін жұмыс істейді

Жеке қасиеттері:

Мақсаткерлік, жауапкершілік, коммуникабельділік, жоғары еңбекқорлық және ұйымдастырушылық қабілет.