контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
Мемлекеттік қызмет
01-01-2026 11:26

ШЖҚ «Ертіс аудандық ауруханасы» КМК Денсаулық сақтау саласында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

 

✅Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту:

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен регламенттелген

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021642

 

✅Дәрігерге жазылу

✅Дәрігерді үйге шақыру

✅Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру:

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен регламенттелген

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100024094

 

✅Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

✅Пациенттерге стационарға жатқызуға жолдама беру

✅Санаторий-курорттық емделуге қажеттілік туралы қорытынды беру:

«Медициналық көмек көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 қарашадағы № 99 бұйрығымен регламенттелген

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035418

 

✅Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту:

Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу»  мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен регламенттелген

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021443

 

✅Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру:

Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығымен регламенттелген

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021557

 

✅Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру

✅Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру:

Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен регламеттелген

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021660

 

✅Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру:

«Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ -103 бұйрығымен регламенттелген

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100024765