контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Статья по ГРИППУ и ОРВИ
11-09-2020 07:27

Тақырыбы: ЖРВИ .ТҰМАУ. ПНЕВМОКОКТЫҚ  ИНФЕКЦИЯ.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) барлық инфекциялық аурулар арасында 90%-ды құрайды. Көбінесе ЖРВИ және тұмауға балалар, қарт адамдар, жоғары тыныс алу жолдары мен бронх-өкпелік жүйесі созылмалы ауыратын тұлғалар, иммунтапшылығы күйіндегі пациенттер шалдығады. Респираторлық жолдың ауыруының жиілігінің жоғарылығы этиологиялық факторлардың түрлілігіне байланысты (риновирустар, респираторлық-синцитиялық инфекция вирусы, тұмау мен парагрипп, аденовирустар, коронавирустар, сондай-ақ ECHO және Коксаки (А және В типі) вирустары, қоздырғыштың өзгеруінің жоғарылығы мен тез жұғуы (ауа-тамшылары арқылы).

Адамдардың тұмауға шалдығуыәбден мүмкін.  Пневмония, баспа,  пиелонефрит, цистит, энцефалит, менингит, арахноидит, полиневрит, радикулит секілді тұмаудың асқынуы өте қауіпті. Тұмаудың асқынуы адамды мүгедектікке, асқынған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Тұмаумен ауырғаннан кейін бронх демікпесі, созылмалы бронхит, жүрек-қантамыр ауруы, зат алмасудың бұзылуынан туындаған аурулар секілді созылмалы аурулар асқынады.

Аурудың немесе оның асқынуының алдын алудың ең тиімді жолы вакциналау болып табылады. Сау адамдарда тұмауға қарсы вакцина бірқалыпты қорғанысты қамтамасыз етуі мүмкін. Дегенмен қарт адамдар арасында тұмауға қарсы вакцина аурудың алдын алуда тиімділігі аздау, бірақ аурудың ауырлығы мен аурудың асқынуы мен өлім-жітім деректерінің санын азайтуы мүмкін.

Дендері сау ересек тұрғындар арасында вакцинация тұмаумен аурушаңдылықты 70-90%-ға, ал қарт адамдар арасында аурудың асқыну мүмкіндігін 60%-ға, өлім-жітім дерегін 80%-ға төмендетуі мүмкін.

Вакцинация әсіресе тұмаудың асқыну қаупі жоғары топтағы адамдарға, сонымен қатар жоғары қауіп-қатер тобындағы адамдармен бірге тұратын адамдар немесе оларға күтім жасайтын адамдар үшін маңызды.

Тұмауға қарсы вакциналар вирусологиялық анықталған тұмаудан қорғай алады, бірақ мұндай қорғаныс кейбір мерзімдерде айтарлықтай төмендейді немесе болмайды. Зерттеу дәйекті түрде ерте жастағы (6 айдан 7 жасқа дейінгі) балаларға тиімділіктің жоғарылығын көрсетіп отыр.

Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі – азаматтарға профилактикалық екпе жүргізудің мерзімі мен тәртібін белгілейтін нормативтік-құқықтық акті. Ол біздің елде індетті саулықты қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі ресми маңызды құжат болып табылады.

Қазақстанның Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесінде 21 түрлі инфекцияның алдын алу мүмкіндігі қарастырылған.

ДДҰ-ның анықтауы бойынша пневмококктық инфекция жылына 1,2 млн. өлім-жітімді, 0-5 жастағы 40%-дан аса баланың өлім-жітімін тудырады.

ЖРВИ, тұмау мен пневмококктық инфекцияның алдын алу мақсатындакелесі қарапайым ережелерді сақтау қажет: науқас адамдармен қатынаспау, науқас адамдармен байланысу кезінде бетперде кию, инфекцияның таралуының алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен (құрамында спирті бар ерітінділермен) жуу, бір реттік мұрын сүлгілерін қолдана отырып жөтелу және түшкіру кезінде мұрын мен ауызды жабу, адамдар жаппай жиналатын орындарға (көріністі шаралар, жиналыстар, кездесулерге) бармау, ғимаратты үнемі желдету, көзді, мұрын мен ауызды лас қолмен ұстамау, салауатты өмір салтын ұстану, оның ішінде толыққанды демалу, таза ауада серуендеу, белсенді демалыс, дәрумендерге бай үйлестірілген тағам ағзаның кез келген инфекцияларға қарсы тұруына көмектеседі.

Ғимараттағы спецификалық емес профилактика ретінде вирусты жоятын әсері бар кез келген зарарсыздандыратын құралды қолдану арқылы ылғалды тазалық жүргізу қажет. Ауаны тазарту үшін ультракүлгін сәуле, аэрозольді дезинфектор мен каталитикалық ауа тазартқышты қолдану қажет.

Қоғамдық денсаулықты сақтауды дамыту халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде адамдардың өз денсаулықтарына ортақ жауапкершілікті арттыру мақсатында ЖРВИ, тұмау мен пневмококктық инфекцияның алдын алу мен бақылау бойынша шараларды жандандыру үшін сектораралық өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік береді. Казіргі жағдайға байланысты.

                                                                                                                    

                                                                                                                       ШЖҚ КМК

                                                                                                         «Тереңкөл аудандық ауруханасы»