Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев
«Мемлекеттік тіл білгірлері»
29-12-2017 09:00
 «Мемлекеттік тіл білгірлері»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 25-ші желтоқсан күні Достық үйінде қаламыздың ірі кәсіпорындары және ұйымдарында (Шығыс кеніші, МАЭС, ҚІІБ, №1емхана, №3 емхана) қызмет атқаратын өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл білгірлері» қалалық байқауын өткізді. Осыған орай, аталған шараға ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК намысын қорғауға мемлекеттік тілді жетік меңгерген жалпы тәжірибелі дәрігер Шерзод Убайдуллаевич Абдикадиров қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Байқау төрт бөлімнен құралды. Әр бөлімде өз өнерін паш етіп, көрермендердің көзайымына айналды. Байқау соңында жас маманның қабілеттерін байқаған тілдерді дамыту бөлімінің мамандары қала әкімінің атынан шығарылатын бағдарламаға қатысуға ұсыныс жасады.