Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
БЖТ: жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
14-05-2020 16:45

БЖТ: жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Төтенше жағдай жарияланған кейін біздің елімізде кірістеріненайырылуына байланысты 42500 теңге мөлшерінде жәрдемақықарастырылды. Төлемдерді тағайындаудыңнегізгі шарты әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу, оның ішінде БЖТтөлеу арқылы,болып табылады.

Осыған байланысты тұтастай республика бойынша БЖТтөлеушілері 85 мыңнан (2020 жылғы 1 сәуірге дейін төлеген) 1,8 миллионға дейін өсті. Осыған ұқсас,Павлодар облысы бойынша БЖТтөлеушілер санының сәуір айының 23 күнінде6 еседен астам өсуі байқалды. Егер 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста 4363 төлеуші болса, 23 сәуірдегі жағдай бойынша 28 250 адам.

Біз, әрине, адамдар БЖТтөлемін жүргізу арқылыМӘМС жүйесінің қатысушылары болағанын құптаймыз. Алайда,МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін (сақтандырылған адам мәртебесін алу үшін кемінде 3 ай) төлемдерді тұрақты түрде жүзеге асыру қажет.

Жеке кәсіпкерлік ретінде қызметтен табысы жоқ азаматтардың бірқатар сұрақтарына жауап бергім келеді.

БЖТдегеніміз не және не үшін?

Жеке кәсіпкер мәртебесін алмай табыскөзін тауып жүрген тұлғаларды салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібі. Осы санатқа кімді жатқызуға болады: мысалы, үйде тігін ісімен айналысатын, жеке ауладан немесе жеке тасымалдаудан, жүктерді тасымалдаудан, механизмдер мен құралдарды және т. б. пайдаланудан табыс алатын азаматтар. Осыны негізге алсақ,  тек жеке тұлға ғана БЖТ төлеуші бола алады. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қатысушысы болу, яғни  МӘМС жүйесінде тегін медициналық қызметтерді алу мүмкіндігінеқұқық береді.

Неге төлеуқажетжәне несі мен үшін пайдалы?

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу:

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу;

- жеке зейнетақы жинақтарымензейнетақы жүйесіне қатысу өтілінебайланысты базалық зейнетақы төлемін алуға мүмкіндік береді;

- еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар алуға;

Не үшін төлеймін, қандай төлемдер?

БЖТтөлемдердіңтөрт міндетті түрін біріктіреді:

- жеке табыс салығы (ЖТС);

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;

- БЖЗҚ зейнетақы жарналары;

- міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына жарналар.

Төлем мөлшері?

2020 жылы бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері:

- Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін-1 АЕК, 2 651 теңге;

– Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін-0,5 АЕК, 1326 теңге.

Қашан аударукерек?

Әр айсайнғытабыстан.

Бұл міндетті төлем бежәне санкциялар мен айыппұлдар бар ма?

Жоқ, бұл ерікті төлемдер, сондықтан салық органдары тарапынан ешқандай санкциялар қарастырылмаған.

БЖТтөлеудіңқолайлы да оңайқалай жүргіземіз?

Kaspi Bank мобильдік қосымшасы арқылы. Ең сенімді және тексерілген әдіс.

Төлемді басқа адам үшіндеұялы қосымшадан жасауға болады. Тек ЖСН ғана талап етіледі және жүйе төлем аймағы мен сомасын автоматты түрде анықтайды.

Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесінде немесе "Қазпошта" КЕАҚ-да келесі деректемелер бойынша төлеуге болады:

KZ92009MEDS368609103

БСН 160440007161

БСК GCVPKZ2A

Жұмыс беруші үшін ТТК-121;

ЖК және ФЛ ГПД – 122 үшін ТТК;

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер үшін ТТК-183.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі және медициналық көмекті толық көлемде ала алады.

Жеңілдікті кезең ішінде азаматтар өзінің сақтандырылушылық мәртебесін анықтап, жарналар жасап, МӘМС қатысушысы болуыкерек.