2023 жылдың 13 қаңтарында директор Мусілім Тілектесұлы Солтанов Павлодар облыстық балалар ауруханасының әкімшілігі мен ұжымы атынан , инфекциялық стационардың 1 бөлімшесінің инфекционист дәрігері Светлана Михайловна Песоцкаяны 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
ОБА-дакөп жылдық адал еңбегі, Павлодар облысының балалар денсаулығын қорғау ісіне қосқан жеке үлесі үшін, 60 жылдық мерейтойына байланысты Светлана Михайловна Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Светлана Михайловнаға шын жүректен зор денсаулық, зор табыс, сарқылмас сәттілік, бақыт және отбасылық амандық тілейміз!