2020жылғы 03.04 Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясына Павлодар облысының әкімі А.Б.Скаков, облыс әкімінің орынбасары А.Р. Оралов, Павлодар қаласының әкімі Қ.Нүкенов, денсаулық сақтау басқармасының бастығы Б.С. Досмаилов келіп кетті.
Қазіргі уақытта Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерінің жұмысы коронавирустық инфекцияны таратпауға қарсы тұруға бағытталған. Қонақтар медициналық қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін барлық жағдай жасалғанына сенімді болды: жеке қорғаныс құралдары жеткілікті: оба костюмдері, маскалар, қолғаптар, көзілдіріктер, арнайы бас киімдері, бір рет қолданылатын халаттар, дезинфекциялық құралдары жеткілікті түрде бар.
Барлық ұжым, оның ішінде Павлодар облысының аудандарының, Екібастұз және Ақсу қалаларының жұмысшылары ерекше қауіпті инфекциялар ошақтарында жұмыс істеуге үйретілген. Жоғары қауіпті адамдарды тасымалдауға арналған нұсқаулар, инфекцияның алдын алуға бағытталған санитарлық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар, науқаста коронавирустық инфекцияға күдік туғызатын әрекеттер алгоритмдері бар.
Баспасөз қызметі