Медициналық авиация бригадаларында ұшуды орындайтын 30 дәрігер мен медбикелер халықаралық үлгідегі сертификатқа ие болды.
Медицина қызметкерлерін оқытуды дәріскер, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан Отарбаев жүргізді. Тыңдаушылар ұшу кезіндегі мінез-құлықтың және пациенттерді тасымалдау кезіндегі белгілі бір жағдайларға ден қоюдың қыр-сырын білді.
Курсты медициналық авиацияның 30 қызметкері аяқтады. Бұл аудандық және қалалық ауруханалардың өтінімдері бойынша әрқайсысы ұшуға қатысатын хирургтар, нейрохирургтар, травматологтар, гинекологтар, анестезиологтар және медбикелер.