Байет ауылының маңында вахталық автобус аударылып, апат салдарынан 16 адам зардап шекті.
«103»-ке жолда ірі жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама 12:38-де келіп түсті. Қоңырау шалушылардың айтуынша, Екібастұздан 25 шақырым жерде вахташыларды Атырауға алып бара жатқан автобус аударылып кеткен. Оқиға орнына бес жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Шақырудан 14 минут өткен соң медицина қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетті. «103»қызметі Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне мүмкіндігінше көп емделушілер туралы алдын ала ескертті. Жедел жәрдем бригадаларының бірі зардап шеккендерді сұрыптауға қалды.
Апатта 32 адам зардап шекті. Оның 16-сы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. 19-53 жас аралығындағы ер адамдар ми жарақаттарын, түрлісоққылармен сынықтарды алды.
Облыстың жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі