Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодар медавиациясы төрт күн ішінде төрт жаңа туған баланы тасымалдады (2022 жылы 20.09 - нан 23.09-на дейін)
26-09-2022 15:11

Бір жағдайда дәрігерлер кішкентай науқасты тасымалдау кезінде реанимациялауға мәжбүр болды.

 

Жаңа туған қызды тасымалдауға алғашқы өтінім өткен аптада Ақсу қалалық ауруханасынан келіп түсті. Нәресте туа біткен пневмониямен шала туылған нәтижесінде, өмірдің алғашқы күндерінде сәбиде тыныс алу жеткіліксіздігін дамыды. Неонаталдық бригада кішкентай пациентті облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.

 

Одан кейін облыстық жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін Павлодар медициналық авиациясы осыған ұқсас тағы үш жағдайды пысықтады. Екі ұл бала облыс орталығына Екібастұз перзентханасынан, ал бір қыз бала Ақсу орталық ауруханасынан жеткізілді. Үшеуі де туа біткен пневмониямен шала туылған. Екібастұздан келген көліктің бірінде баланың жүрегі тоқтап қалды. Барлық төрт өтінімді пысықтаған неонатолог дәрігер Дмитрий Пильцов  сәбиге жүрек-өкпе реанимациясын тіке тікұшақта жүргізуге тура келді. Бақытымызға орай, бәрі сәтті аяқталды.

 

- Жаңа туған нәрестелермен жұмыс жасау дәрігерлерден жоғары дайындық пен дәлдікті талап етеді, - дейді 103 Павлодар қызметі бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая. - Сондықтан біз неонатологиялық көмек көрсету кезінде медицина қызметкерлерін даярлау мен қайта даярлауға үлкен көңіл бөлеміз. Жақында жедел жәрдем станциясының базасында біздің барлық қызметкерлеріміз өтіп жатқан нәрестелердің неонатологиясы мен реанимациясы бойынша кезекті тренингтер басталды.

 

Айта кету керек, Павлодар медициналық авиация өкілдері жаңа туған нәрестелерді жиі тасымалдауға мәжбүр. Егер жыл басынан бері мед авиация 267 өтінімге қызмет көрсеткен болса, онда 40 жағдайда арнайы  мамандардың көмегі мен тасымалдау жаңа ғана дүниеге келген сәбилерге қажет болды.

 

 

 

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі