Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК оқыту бойынша ақпарат
20-02-2023 10:48

Қызметкер қандай негізгі медициналық білім алғанына қарамастан – жоғары немесе орта арнаулы, қосымша оқу бағдарламалары біліктілікті арттыру үшін негіз болып табылады.Сондықтан  ШЖҚ «ПОЖМКС» КМК  -да компьютерлік сыныппен, шұғыл медициналық манипуляциялар техникасын пысықтауға арналған заманауи тренажерлармен, медициналық әдебиеттермен және тест бағдарламаларымен жабдықталған оқу симуляциялық орталығы жұмыс істейді. Осы оқу орталығының базасында Ақсу қаласы, Екібастұз қаласы, аудандардың қосалқы станцияларының қызметкерлерін міндетті түрде тарта отырып, медицина қызметкерлерін оқыту үздіксіз жүргізіледі.  

Осы жолы да 2023 жылдың 08 ақпанында оқу орталығында ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК базасында «Диспетчерлік қызмет: нақты кейстермен жұмыс, триаж және қоңырауды ұстау алгоритмдері» атты көшпелі семинар-оқыту өткізілді. Аталған семинар-тренингке шақыруларды қабылдау бойынша 30-дан астам фельдшер, сондай-ақ басшының орынбасарлары, қосалқы станция меңгерушілері қатысты. Семинар өте танымды, аудиожазбаларды, бейнероликтерді қолданумен толымды  болды.

Үздіксіз медициналық білім беру жүйесі мамандарды қалыптастырады, оларды өзгермелі еңбек жағдайларына бейімдейді, оқытудың екі құрамдас бөлігін — теория мен практиканы оқытады, байланыстырады, алған білімдеріне саналы түрде қарауға, оларды өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйретеді және сол арқылы практикалық денсаулық сақтауды жетілдіреді, кәсіби міндеттеме ретінде қарастырылады және медициналық көмектің сапасын арттырудың алғышарты болып табылады.