Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Алғыс айту күні
03-03-2023 15:43

Ирбис телеарнасына 1 наурыз  Алғыс айту күніне арналған  бағдарламаға облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкері Е. Шукуев шақырылды.

Тікелей эфирде қысқаша еңбек өмірбаянын айтты (2006 жылы Павлодар медициналық колледжін «Емдеу ісі»  мамандығы бойынша бітірді, бүгінгі күнге дейін жедел жәрдем станциясында фельдшер болып жұмыс істейді, жұмыс өтілі 16 жылдан асады).

Жедел білікті көмек көрсету үшін 2017 жылы Республикалық трассаға жақын ауылдарда пункттер ұйымдастырылды.Мұндай пункт Чернорецк ауылында ашылды, онда фельдшер Е. Шукуев жұмыс істейді, оның есебінде көптеген құтқарылған өмір, сәтті реанимациялар жасаған. Жемісті еңбегі, денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі, Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау ісіндегі ерекше еңбегі үшін бірнеше рет жедел медициналық жәрдем станциясының Құрмет грамотасымен марапатталды, 2019 жылы Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2020 жылы «Үздік қызметкер» төсбелгісімен, 2022 жылы «ҚР жедел медициналық көмек қауымдастығы» ЗТБ Құрмет грамотасымен марапатталды.