Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Жедел жәрдем дәрігерлері 60 жастағы әйелді Павлодардағы клиникалық өлім жағдайынан құтқарып қалды.
24-03-2023 14:49

103қызмтекерлері  дефибриллятор мен трахея интубациясы арқылы науқастың жүрегін «іске қоса» алды.

Шақыру өткен түнде келіп түсті.  Сағат 2: 30-да жақын жердегі дәрігерлік бригада жіберілді. Дәрігерлер бұған дейін әйелде мидың жедел қан айналымының бұзылуыболғанын анықтады. Кеудедегі ауырсыну туралы шағымдардан кейін 103 қызметкерлері оған электрокардиограмма жасауды шешті.

Бұл процедураны орындаған кезде науқастың жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер бірден реанимациялық іс шараныорындауға кірісті. Әйелді клиникалық өлім жағдайынан шығару үшін дефибрилляторды қолдануға және трахея интубациясын жасауға тура келді. Науқас өмірге оралғанда, ол облыстық кардиологиялық  орталығына жеткізілді.

 

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі