Екібастұз перзентханасынан жаңа туған нәрестені тасымалдауға өтінім 26 наурызда сағат 16: 00 шамасында келіп түсті. Бала 25 апта және 4 күнінде туылды, оның салмағы небәрі 950 грамм болды.Бұл жерге жоғары білікті неонатолог және медбике бар тікұшақ жіберілді. Бригада кувезбен және жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға қажетті басқа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сағат 19:15-те сәби Павлодардағы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Қазір бала мамандардың бақылауында.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев