ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-ның фельдшері Шукуев Ермек Қанатұлы туралы сюжет түсіріліп «Хабар 24» телеарнасында көрсетілді. Шукуев Ермек Қанатұлы өзінің жұмысы туралы, неге бұл мамандықты таңдағаны, оның күрделілігі, артықшылықтары және басқа да тұстары туралы айтып берді.Ермек Қанатұлы жедел жәрдемде 16 жыл бойы қызмет жасайды.Өз қызметіне адал, және кәсіби маман болып табылады. Ол өз сұхбатында жедел жәрдем жұмысымен толығымен таныстырып өтті. Бригадалар дәрі-дәрмектермен, ЭКГ аппаратымен, импульстік оксиметрмен, глюкометрмен, ИВЛ аппаратарымен, дефибриллятормен және басқа да қажетті құралдармен қамтамасыз етілгенін көрсетті. Сонымен қатар, жедел жәрдемнің диспетчерлік қызметі мен біраз таныстырып өтті. Жедел жәрдемде жұмыс істеу оңай емес, бұл физикалық жағынан да, моральдық жағынан да ауыр жұмыс, - дейді Ермек Қанатұлы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев