2023 жылдың 22.05-нен 26.05-іаралығындабіздің ұйымның орталық станциясында кезекті аккредиттеуге дайындық бойынша оқыту циклі өтті.
Астанадан келген «Эрудит» ЖШС оқу орталығыныңсарапшысы Қарлығаш Сәдуақасқызы Шариязданова бір апта ішінде медициналық ұйымды аккредиттеу стандарттарының барлық блоктары бойынша құжаттарды қалай дұрыс дайындау керектігін түсіндірді, үйретті , көрсетті. Сабақтар үлкен қызығушылықпен өтті, көптеген сұрақтар қойылды
20 қызметкер аккредиттеуге дайындық бойынша сертификаттар алды, бірақ ең бастысы - әрбір жедел жәрдем қызметкеріне дұрыс рәсімделген құжаттар - табыстың 20% ғана құрайтынын жеткізу керек. Аккредиттеу комиссиясы әрбір медицина қызметкерінің білімі мен қабілетін , облыс халқына шұғыл медициналық көмекті қалай дұрыс, сапалы және қауіпсіз көрсету керектігін бағалайтын болады.
Әкімшілік.