Медиктердің айтуынша, шақырулардың көбеюіне байланысты 103 желісінде жүктеме артуы мүмкін.
Өткен демалыс күндері жедел жәрдем пультіне келіп түскен шақырулардың саны 30%-ға артқан. Аптаның жұмыс күндерінде бұл көрсеткіш төмендегенімен, өткір респираторлық вирустық инфекциялар маусымына байланысты әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Сондықтан дәрігерлер еске салады: егер сіз 103 нөміріне қоңырау шала алмасаңыз, балама нөмірлер бар.
Тәулік бойы жедел жәрдем қызметіне +7 7182 320024, 323778 нөмірлері арқылы да хабарласуға болады. Осы нөмірлер арқылы аға дәрігерден кеңес алуға мүмкіндік бар. Ал жұмыс уақытында жедел жәрдем бригадасын +7 7182 650500 нөмірі арқылы шақыруға болады — бұл нөмір бойынша пациенттерді қолдау қызметінің маманы жауап береді. Сонымен қатар, егер сіз 112 нөміріне жедел жәрдем шақыру үшін қоңырау шалсаңыз, бұл қоңырау автоматты түрде 103 диспетчеріне жіберіледі.
Сондай-ақ жедел жәрдемді Telegram мессенджері арқылы да шақыруға болады. Ол үшін арнайы ботқа жазылу жеткілікті: http://t.me/pvl_103_bot.
«Жедел жәрдем шақыру» батырмасын басқаннан кейін пайдаланушы нұсқаулыққа сәйкес жарақат немесе сырқат белгілерін сипаттап, науқастың орналасқан жерін нақты көрсетуі қажет. Мессенджер арқылы жіберілген өтінімдер өңірлік жедел жәрдем станциясының бірыңғай колл-орталығында өңделеді. Алдымен диспетчер шақырудың жеделдік санатын анықтайды. Төрт жеделдік санатының әрқайсысы үшін жету уақытының өз регламенті бар. Мысалы, бірінші санаттағы шақыру — адамның өміріне нақты қауіп төнген жағдайда — 15 минут ішінде орындалуы тиіс. Ал төртінші санаттағы шақырулар емханаларға жіберіліп, олардың мобильді бригадалары арқылы орындалады.
Өтінімнің қабылданған-қабылданбағанын өзіңіз де тексере аласыз — ол үшін «Өтінім күйін тексеру» батырмасын басу керек. «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде коронавирус инфекциясының алдын алу, белгілері мен еміне қатысты өзекті ақпарат бар.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя