Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін
13-03-2026 08:34
Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері болды. Коалиция мүшелері жаңа Конституцияның кейбір маңызды тұстарына тоқталып, медицина қызметкерлерін 15 наурыз күні өздерінің сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге шақырды. 103 қызметінің басшысы Қанадан Ахметжанов станция ұжымы референдумға қатысып, саяси кемелдік пен азаматтық белсенділік танытады деген үмітін білдірді