Ер адамның жүрек ырғағы бұзылып, соның салдарынан ол клиникалық өлім жағдайына түскен.
Жедел медициналық жәрдем диспетчерлік қызметіне шұғыл шақырту 25 маусым күні сағат 19:04-те келіп түсті. Шақыртудан кейін небәрі үш минут ішінде жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жетті.
1980 жылы туған ер адамда жүрек қарыншаларының фибрилляциясы мен жүрек ырғағының ауыр бұзылысы анықталып, соның салдарынан клиникалық өлім жағдайы орын алған.
103 қызметінің мамандары дереу жүрек-өкпе реанимациясын бастады. Реанимациялық іс-шаралар барысында дефибриллятор қолданылып, науқасқа трахея интубациясы жасалды. Жүрек қызметі қалпына келтірілгеннен кейін пациент Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына жеткізілді.
Дәрігерлер оған коронарлық артерияларға стенттеу операциясын жүргізді. Қазіргі уақытта науқас орталықтың жансақтау бөлімінде мамандардың бақылауында ем қабылдап жатыр.
Айта кету керек, сәтті жүргізілген реанимация жедел медициналық жәрдем қызметінің негізгі тиімділік көрсеткіштерінің бірі болып саналады. 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша Павлодар облысында бұл көрсеткіш 87,5%-ды құрады. Ал республика бойынша орташа көрсеткіш 64,3% деңгейінде.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя