контакт: 8(718)2628011 bpp-pav@mail.ru
адрес: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 49/6
Ақпарат

 

Ақпарат

 

1. ШЖҚ "Павлодар облысының Хосписі" КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаты (бұдан әрі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат) кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрестің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың басқарушылық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының көрсетілген ережелері сыбайлас жемқорлықтың ықтимал фактілерін болдырмауға, кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтан қатаң бас тарту ахуалын қалыптастыруға бағытталған.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін құруға бағытталған қызмет.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл-кәсіпорын лауазымды тұлғаларының өз өкілеттіктері шегіндегі қызметі:

1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау және кейіннен жою бойынша (сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы);

2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, болдыртпау бойынша (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес).

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ережелері кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне қолданылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты мен міндеттері

5. Сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын және лауазымдық міндеттерін орындау кезінде адалдық пен қиянатқа бармайтындық қағидаттарын қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаты болып табылады.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою;

2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;

3) кәсіпорын қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, сондай-ақ кәсіпорын қызметін регламенттеуші ішкі нормативтік құжаттарды қатаң сақтауға тәрбиелеу.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

7. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу келесі негізгі шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады:

1) кәсіпорын қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастыру:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамалық және өзге де актілерінің нормаларын қызметкерлерге түсіндіру;

- кәсіпорында және өзге де мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кәсіпорын қызметкерлерінің назарына жеткізу;

- кәсіпорын қызметкерлерімен түсіндіру әңгімелерін өткізу.

2) кәсіпорын қызметкерлеріне, сондай-ақ үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әдістермен алаяқтық, теріс пайдалану және басқа да заңға қайшы әрекеттер жасауға қатысты белгілі фактілер немесе күдіктер туралы хабарлау құқығын қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары:

- қызмет көрсету кезінде адалдықты, ашықтықты, объективтілікті қамтамасыз ету.

9. Кәсіпорынның өзге қызметкері, сондай-ақ үшінші тұлға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға көндіру фактілері туындаған жағдайда және/немесе кәсіпорын қызметкерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға көндіруге қатысты белгілі фактілер немесе күдік туралы ақпараты бар кәсіпорын қызметкерлері кәсіпорын басшылығына дереу хабарлауға міндетті.

10. Мұндай әрекеттерді жасау туралы өтініштер тексеріліп, қажет болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдарды жауапқа тартып, хабардар етуді, шешімі табылып, аяқталуына дейін жеткізілетін болады.

Мүдделер қайшылығының алдын алу және реттеу тәртібі

11. Кәсіпорын қызметкерлері:

1) туындаған мүдделер қайшылығы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы белгілі болған жағдайда, ол өзінің тікелей басшысына хабарлауға міндетті.

2) мүдделер қайшылығын болғызбау және реттеу жөнінде өзге де шаралар қабылдауға міндетті.

12. Мүдделер қайшылығының алдын алу немесе реттеу мүдделер қақтығысының тарабы болып табылатын кәсіпорын қызметкерінің лауазымдық немесе қызметтік жағдайын оны белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетуге дейін өзгертуден тұруы мүмкін.

         Хоспис сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың нормаларын сақтайды, кәсіпорында құқықтық өріс шеңберінде барлық қажетті іс-шараларды өткізетін комплаенс-қызмет құрылды. Барлық қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.