Кәсіпорын қызметінің мәні мыналар болып табылады:
		• Донорлықты насихаттау және дамыту.
		•Донорлықты ұйымдастыру, донорлық кадрларды іріктеу және жинақтау, донорларды тексеру.
• Стационар жағдайында және көшпелі жағдайларда консервацияланған донорлық қанды дайындау, донорлық плазмацитаферезді жүргізу.
• Қанды қайта өңдеу және одан құрамдас бөліктерді алу.
• Қан тобын белгілеу үшін диагностикалық стандарттарды өндіру (стандартты эритроциттер).
		• Медицина ұйымдарын донорлық қанның құрамдас бөліктерімен және препараттарымен қамтамасыз ету.
		• Медицина ұйымдарына консультативтік көмек көрсету.
		• Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсету.
		 Қызмет түрлері:
		• Донорлық қанды жоспарлау, жинақтау және есепке алу.
• Донорлық сессияларды ұйымдастыру.
• Қанды дайындау, одан гемо құрамдас бөліктерді алу.
		• Аппараттық және дискреттік донорлық  плазмацитаферезді жүргізу.
		• Дайындалған донорлық қанды сақтау.
• Донорлық қанның гемотрансмиссиялық инфекцияларын зертханалық диагностикалау.
• Донорлық қанның иммуногематологиялық және клиникалық-биохимиялық зерттеулерін зертханалық диагностикалау.
• Павлодар облысының МҰ гемотрансфузиондық орталармен қамтамасыз ету.
• Шығарылатын өнімнің сапасына бақылау жүргізу.
• Қан қызметін ұйымдастырудың озық түрлері мен әдістерін, клиникалық тәжірибеде қанның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру және қолдану технологияларын әзірлеу.
• Қан қызметін ұйымдастыру үшін кадрларды даярлау және жетілдіру.
		•Павлодар облысының МҰ-на трансфузиология мәселелері жөнінде ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық және тәжірибелік  көмек көрсету.
		 Ақылы қызметтер тізбесі:
		• В,С  вирустік гепатиттеріне, мерезге зерттеулер жүргізу;
• қан тобын белгілеу;
• резус затын белгілеу;
• қарсы денелерді анықтау.
            
                    
        
                        
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя