Павлодар облысының қалалық аурухана жанындағы қан қызметінің тарихы облыстық мұрағаттың құжаттары бойынша 1934 жылдан бастап, қан құю пунктінің ашылуынан басталады.
Облыстық қан құю станциялары Қаз.ССР-ның Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес 1964 жылы құрылды.Павлодар қаласында қан құю станциялары жалпы ауданы 90кв.м. бейімделген ғимаратта орналасты, ал жұмыскерлері 18 қызметкерден құралды: 4 дәрігер, 10 мед.бике, 4 санитар. Жылдық қан дайындау 1 тоннаны құрады. Бұдан басқа қан дайындау 4 орталық аудандық ауруханаларда , яғни Ертіс, Қашыр, Железинка, Шарбақты және Екібастұз қаласында өндірілді.
ССРО-ның Денсаулық сақтау Миниистрлігінің «Алдын ала емдеу мекемелерінде қан құю бөлімдерінің желісінің алдағы даму шаралары туралы» 1969 ж.8 ақпандағы №82 бұйрыққа сай №1 ауруханада және Ақсу қаласында кестелі қан құю бөлімдері ашылды.Қан қызметінің мекемесінің жобасымен салынған қан құю станциясы 1993 жылы тұрпатты ғимаратқа ауыстырылды.1995 жылдан бастап ҚР-ның ДМ-нің 1994 жылғы 18 қарашадағы №346 бұйрыққа сәйкес қан құю станциялары облыстық қан орталығына өзгертілді.
Қазіргі уақытта қан орталығы консервіленген 7 тонна донор қанын дайындайды,қанның 9 компонентін және медициналық мекемелердің қан компонентіндегі 95/ 100 пайыз қажеттілігін қамтамасыз етеді.