контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.
Емделушіні қолдау қызметі

 

 

 

 

Емделушілерді  қолдау және  ішкі бақылау қызметі

 

Аурухананың қызметін жақсартуға бағытталған  қажетті шараларды құрастыру,   пациенттердің қажетті көлемде қолжетімді, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекке құқықтарын қамтамасыз етумен өздік жүйелерді, үдеріс пен жұмыстарды, олардың дұрыстығы мен тиімділігін талдау жолымен  көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз ету мақсатында, ШЖҚ «Тереңкөл аудандық ауруханасы» КМК  Пациенттерді қолдау мен ішкі бақылау қызметі жұмыс істеуде.

 Төрағасы: Сергеев Валерий Иванович-  медициналық қызметтердің сапасы мәселелері бойынша бас дәрігердің орынбасары

Қолдау қызметі және ішкі бақылау құрамында:

  1.  

ПАЦИЕНТТЕРГЕ МӘЛІМЕТ ҮШІН

Біздің ұйымызда медициналық көмек алу кезінде мәселелер туған жағдайда, Сіз сенім телефоны арқылы хабарлай аласыз.

Сенім телефоны:  21-5-51;

Сіздің медициналық көмек көрсету сұрақтары бойынша ұсыныстар мен ескертулермен бас дәрігерге жүгінуге мүмкіндігіңіз бар:

Бас дәрігердің — Фахирслямов Дамир Кусаинович

2 қабат, бас дәрігер кабинеті

Қабылдау сағаттары: бейсенбі  —   15.00 сағаттан бастап, 17.00 сағатқа дейін, телефоны: 21-2-35;

Пациенттерді қолдау қызметінің басшысы – Сергеев Валерий Иванович

Сіздің өтініштеріңізді біз Сізге қажетті нысанда қабылдауға дайынбыз:

Азаматтар өтініштерін қабылдау жәшіктері арқылы;

Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88 үй мекенжай бойынша корреспонденттік пошта арқылы; terenkol.rbk@mail.ru

Аурухана сайт арқылы электронды поштамен;

Сенім телефоны: 21-5-51;

 

Құрметті Тереңкөл ауданының тұрғындары!

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы Павлодар облысында Бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталық жұмыс істейтіні жайлы хабарлайды. Барлық медициналық көмек сапасы сұрақтары бойынша 8(7182)662499 телефоны арқылы жүгіне аласыз.

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, күтілетін нәтиже

Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінің 34 бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі     Қазақстан Республикасы азаматтарына және оралмандарға бюджеттік қаражат есебінен ұсынылады және     Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін тізбелерге сәйкес ең жоғары тиімділік бағасына ие профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер кіреді.

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне  (ТМККК) кіретіндер:

1) жедел медициналық көмек және санитарлық авиация;                                                              2) амбулаторлық-емханалық көмек, кіретіндер:

Бастапқы медико-санитарлық көмек;

кеңестік –диагностикалық көмек;

3) стационарлық медициналық көмек;                                                                                               4)стационар орнын алмастырушы медициналық ;                                                                              5)қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тұрғындар санаты үшін  паллиативтік көмек және медбикелік жағдай жасау.

        Қазақстан Президенті Н. А. Назарбаевпен 5 президенттік реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам анықталған.                                                                          

        80-ші қадамы болып саналатын  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу.Мемлекеттің салмақты жауапкершілік принципі негізінде  азаматтарға және жұмыс берушілерге денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту.  Бастапқы медико-санитарлық көмекті  (БМСК) басым қаржыландыру. Бастапқы көмек аурулармен ерте күресу және ескерту үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық звеносы болады».

Міндетті әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызмет тұтынушыларына медициналық көмек көрсету бойынша ұйымдастыру шаралары, экономикалық және құқықтық кешен және салада нарықтық арақатынасты дамыту есебінен медицинада жаңа технологияларды енгізуді ынталандыру-бір жағынан, тұрғындардың барлық топтарына әділ және тең қол жетімді медициналық көмекті –екінші жағынан қамтамасыз етуші, салада экономикалық және қаражат бөлу механизмдерін тиімді ұйымдастырудың бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңының 10 бабы 2) тармақшасына сәйкес (әрекет 2016 жылғы 1 наурыздан бастап енгізіледі) Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық қызметке ақы төлеу комитетін трансформациялау жолымен,  оның жарғылық капиталында жүз пайыз мемлекеттік қатысумен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғам құруға қаулы жасады. Құрылтайшысы және қордың жалғыз акционері болып Қазақстан Үкіметі шығады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2016 жылдың ортасында құрылатын болады. Жұмыс берушілерден аударылымдар 2017 жылғы 1 қаңтардан басталады, қордан қаржыландыру-2017 жылғы 1 шілдеден басталады.

Қазақстанда енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі, алға басқан халықаралық тәжірибені есепке алумен әзірленген және әр адамның, жұмыс берушінің және мемлекеттік жауапкершілік ынтымақтастығына негізделген.  Бұл ретте мемлекет экономикалық белсенді емес тұрғындарға жарнаны іске асырады. Жұмыс берушілер-жалданған жұмысшыларға. Қызметкерлер және салық органында тіркелген жеке жұмыспен қамтылған азаматтар-өздеріне. Қажетті көлемде жарналардың түсу мәселелері салық органының құзыретіне жатады.

Азаматтардың 15 санаты әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылады, оның 12 – әлеуметі-осал тұрғындар, сонымен бірге әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Әлеуметі-осал тұрғындарға жататындар:

— балалар;

— көп балалы аналар,  «Алтын алқа»және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар, және бұрын «Батыр ана» атағын алғандар, сонымен бірге  «Материнская слава» I және II степень ордендерімен марапатталғандар;

— ҰОС қатысушылар және мүгедектер;

— мүгедектер;

— жұмыссыз  ретінде тіркелген азаматтар;

— интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін және оқитын тұлғалар;

— резидентура формасында вуздан кейінгі білім, сонымен бірге жоғары, орта білімнен кейін техникалық және кәсіби ұйымдарда күндізгі оқу формасында оқитын тұлғалар;

-бала тууына байланысты демалыста болу, бала асырап алу (қыз), 3 жасқа дейін бала күтімі бойынша тұрған тұлғалар;

— жұмыс істемейтін екі қабат әйелдер, сонымен бірге 3 жасқа жеткенше нақты бала тәрбиелейтіндер;

— зейнеткерлер;

-сот шешімі бойынша УИС мекемелерінде жазасын өтеуші тұлғалар, шағын қауіпсіз мекемелерді алып тастағанда;

-іздеу изоляторларында және уақытша ұстау изоляторларында тұрған тұлғалар.

 

МӘМС енгізуде тұрғындарға ұсынылатын медициналық қызмет пакеттері

  • Базалық пакет – республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын және медициналық көмектің мемлекетпен кепілдендірілген көлемін енгізу (ТМККК). Бұл жедел медициналық көмек және санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға медициналық көмек және қауырт жағдайларда алдын алу егулері және барлық жалпы декларированияны енгізгенге дейін өнімсіз өздігінен жұмыс жасайтын тұрғындар үшін амбулаторлық-емханалық көмек. Ол барлық ҚР азаматтарына және оралмандар үшін қол жетімді болады.                                                                                      • МӘМС шеңберінде қосымша пакет – МӘМС қорына мемлекет, жұмыс берушілер және жұмысшылардың міндетті сақтандыру жарнасы есебінен қаржыландырылатын, ТМККК артық медициналық көмек көлемін енгізу. Онда енетіндер амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық және стационар орнын алмастырушы көмек, жоғары технологиялық көмек. Оны МӘМС қатысушылары болып саналатын тұлғалар ала алады, оның ішінде Республика аумағында тұрақты болып тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар және шетелдіктер.
  • ЕМС-дан пакет еркін медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер немесе азаматтардың еркін сақтандыру жарнасы есебінен қаржыландырылатын жеке медициналық қызмет пакетінде қарастырылатын болады (ЕМСҚ).

 

Күтілетін нәтиже                                                                                                                                                   Жалпы                                                                                            

  • 2030 жылға денсаулық сақтауға шығындардың жалпы көлемі жұмыс берушілер және азаматтардың қатысуы есебінен ВВП-дан 3,8% артады (МӘМС шығындары және барлық мемлекеттік шығындар ЕМС және жеке тұлғалардың шығындарын есепке алмағанда) • Медициналық ұйымдар қызметінің қаржылық индикаторлары жақсарады
  • 2030 жылға тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге БМЖК қаржыландыру көлемінің үлесі 46% -дан (2014 жыл)  66% дейін артатын болады және  ОЭСР елдерінің стандарттарымен сәйкес болады
  • Тұрғындар денсаулығының медико-демографиялық көрсеткіші жақсарады
  • Қызмет сапасына тұрғындардың қанағаттануы артады • Азаматтардың шет елге емделуге баруы кемиді,  шет елден емделушілер саны артады                                                                                                                                            я чествоТұрғындарТт              

Тұрғындар үшін                                                                                                         

  • Сапалы медициналық көмекке қол жетімділік                          • Тұрғындар қажеттілігіне жауап бере алатын денсаулық сақтау жүйесі
  • Өмір сүру ұзақтығын арттыру, денсаулықты жақсарту
  • амбулаторлық-емдік қамтамасыз етуді кеңейту
  • Денсаулық сақтауға келеңсіз төлемдер деңгейін төмендету

  Мемлекет үшін

  • Медициналық көмекпен универсалды/бәрін жалпы қамту
  • Азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігі
  • Қолдану көлемдерін теңестіруші, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық-тұрақты жүйесі
  • Денсаулық сақтаудың нарықтық механизмдерін жетілдіру
  • Денсаулық сақтау индустриясын және жеке денсаулық сақтауды дамыту үшін ынталандыру (Технология және қосымша жұмыс орындары)
  • Қаржы ресурстарының қолдану тиімділігін арттыру
  • Ресурстарды қолдану бойынша қоғам алдындағы есептілік

           Өнім жеткізушілер үшін

  • Қызмет тиімділігіне сәйкес қаржыландырудың тұрақтылығы
  • Менеджмент және басқарудың жаңа корпоративтік әдістерін енгізуге ынталандыру
  • Еңбек төлем жүйесін жетілдіру: бәсекелестікке қабілетті еңбекақы алуға мүмкіндік
  • Жаңа медициналық технологияны енгізу.Соңғы нәтижеге бағытталу
  • Негізгі құралдарды уақытылы жаңарту
  • Ақпараттық технологияны дамыту

 

Осылайша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау секторы үшін ресурстарды жинақтауға ықпал етеді, бұл медициналық көмектің сапасын, тиімділігін және қол жетімділігін жақсартады.

системы здравоохранения

ИТЕЛЬНЫЙ

ИНДИВАЛЬНЫЙ ПАК  «Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау және әлеуметтік даму

министрлігінің медициналық қызметке

ақы төлеу комитетінің Павлодар

 облысы бойынша департаменті» РММ

басшысы

Д.М. Қазанғапов