БЕКІТЕМІН
ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК
директоры
________ А.М. Күзеков
_______ ________ 2015 ж.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны
іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету бойынша ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-ның 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
№
р/р |
Іс-шаралар | Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар
|
Аяқтау нысаны | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1 | Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріну деректеріне төзбеушілік ортаны құру бойынша әңгімелерді жүргізу | Тұрақты |
Директор
Директордың орынбасарлары Директордың экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Бөлімшенің меңгерушілері |
Әңгімелер, планерлік мәжілістер | |
2 | Қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманың мәселелері бойынша құқықтық жаппай оқуды жүргізу | Тоқсан сайын |
Директордың медициналық көмектің сапасы және аудит жөніндегі орынбасары
К.З. Шайкенова Директордың экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Б.Н. Тлешова |
Хаттама, семинардың бағдарламасы, қатысқандардың тізімі | |
3 | Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметін енгізуді қамтамасыз ету | Тұрақты |
Директордың медициналық көмектің сапасы және аудит жөніндегі орынбасары
К.З. Шайкенова |
ДСБ-ға ақпарат | |
4 | Сенім телефондарының жұмысын қамтамасыз ету. Жүгінгендерге ақпаратты жедел ұсыну | Тұрақты |
Директордың медициналық көмектің сапасы және аудит жөніндегі орынбасары
К.З. Шайкенова |
Қоңырауларды қабылдау | |
5 | Сыбайлас жемқорлық көрінулерімен байланысты, он күн ішінде мемлекеттік ресми тұлғалардың блогтарына келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету | Тұрақты |
Директордың медициналық көмектің сапасы және аудит жөніндегі орынбасары
К.З. Шайкенова Директордың экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Б.Н. Тлешова |
Өтініш берушіге жауап | |
6 | Азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында қарауды, сонымен қатар, оларды қарау кезіндегі бюрократиялық жағдайларының және әуре-сарсаңдылықтың болдырмауын бақылауды қамтамасыз ету. | Тұрақты | Директордың орынбасарлары | Өтініш берушіге жауап | |
7 | Облыс бұқаралық ақпарат құралдарында медициналық қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық көрінулерін ескерту бойынша жүргізілетін іс-шаралар, пациенттерді қолдау, ішкі бақылауды енгізу бойынша қолданылатын шаралар туралы тақырыптық материалдарды жариялау | Тоқсан сайын |
Директордың медициналық көмектің сапасы және аудит жөніндегі орынбасары
К.З. Шайкенова Баспасөз-хатшысы К. Күнпейісова |
Жарияланымдар, эфирлік анықтамалар | |
8 | Аурухананың ресми сайтының үздіксіз жұмысын, материалдың, мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттың, мемлекеттік сатып алу туралы, өткізілетін конкурстар және т.б. туралы мәліметтің жаңартылуын қамтамасыз ету | Тұрақты |
Директордың медициналық көмектің сапасы және аудит жөніндегі орынбасары
К.З. Шайкенова Директордың экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Б.Н. Тлешова Баспасөз-хатшысы К. Күнпейісова |
Сайтқа материал | |
9 | Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін сайттағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері» бөлімінің орналастырылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету | Тұрақты |
Директордың медициналық көмектің сапасы және аудит жөніндегі орынбасары
К.З. Шайкенова Баспасөз-хатшысы К. Күнпейісова |
Сайтқа материал | |
10 | Бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс материалдар, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріну деректері туралы жарияланымдардың мониторингін жүргізу | Тұрақты |
Баспасөз-хатшысы
К. Күнпейісова |
Бас дәрігерге ақпарат | |
11 | Халықтың заңнамамен бекітілген тізім бойынша тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі шеңберінде бөлінген және шығындалған дәрі-дәрмектердің көлемдері туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету. |
2015 жылғы маусымнан бастап,
бұдан әрі тоқсан сайын |
Директордың экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары
Б.Н. Тлешова Фармацевт Ш.Қ. Исеева |
Халыққа ақпарат |
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен қарастырылған халық арасындағы түсіндіру жұмысы шеңберінде облыстық балалар ауруханасында барлық қол жетімді орындарында (қабылдау бөлімі, консультативтік емхана, сәлемдеме қабылдау, аурухана бөлімшелерінде) 260 дана көлемінде ақпараттық бүктемелер орналастырылды, емханада сыбайлас жемқорлық жөнінде роликтің көрсетілуі жүзеге асырылуда.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.
34-тарау. ӘКIМШIЛIК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
677-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, – алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
- Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
679-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн—өзiбасқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтiжүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы — осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс—қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы
Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 680-бап жаңа редакцияда — ҚР 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді — ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.
366-бап. Пара алу
- Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) қорқытып алу жолымен;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) iрi мөлшерде;
4) бірнеше рет жасалса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.