Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
«Ақтоғай аудандық ауруханасында» Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 58-бабына сәйкес Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылған.
Қызметтің негізгі мақсаты – пациенттердің құқықтарын қорғау, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ медициналық қызметтердің көрсетілу стандарттарының сақталуын бақылау болып табылады.
Пациенттерді қолдау қызметі пациенттер мен медициналық ұйым арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етеді, азаматтардың өтініштерін жедел қарауға және анықталған мәселелерді шешу бойынша тиісті шаралар қабылдауға бағытталған.
Қызметтің негізгі міндеттері:
- пациенттердің өтініштері мен шағымдарын қарау;
- медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау;
- пациенттердің құқықтарының сақталуын бақылау;
- медициналық қызметтердің сапасын талдау және оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
- медициналық ұйым қызметкерлерінің жұмысын ішкі бақылау;
- медициналық ұйым қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
- пациенттер мен медицина қызметкерлері арасындағы даулы жағдайларды шешуге жәрдемдесу.
Егер сіз:
- көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;
- медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасына тап болсаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілетін қызметтер үшін заңсыз ақша талап ету жағдайларына тап болсаңыз;
- медициналық қызмет көрсетудің тәртібіне байланысты басқа да мәселелер туындаса,
онда Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгінуге құқығыңыз бар.
Барлық өтініштер объективті, құпия түрде және белгіленген мерзімде қаралады.
Өтініш беру тәсілдері
Пациенттердің ыңғайлылығы үшін өтініш берудің бірнеше жолы қарастырылған:
- тіркеу бөлімінде орналасқан өтініштер жәшігі арқылы;
- медициналық ұйымның ресми сайты арқылы;
- электрондық поштаарқылы;
- WhatsApp мессенджеріарқылы.
Өтініш берген кезде келесі мәліметтерді көрсету ұсынылады:
- аты-жөні;
- байланыс телефоны;
- тұрғылықты мекенжайы немесе электрондық поштасы;
- мәселенің толық сипаттамасы.
Бұл мамандарға өтінішті жедел қарап, кері байланыс беруге мүмкіндік береді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя