
2020 жылғы мамыр айында 200 төсек-орындық стационары және бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар жаңа онкологиялық диспансер өз жұмысын бастады. Бұл біздің облыс тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге жаңа мүмкіндіктер ашты.
«Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК директоры – Сулейменов Мурат Куснуллович, жоғары санатты онколог-хирург, І санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Диспансерде 71 дәрігер және 130 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Дәрігерлердің 92,3%-ы және орта буын медицина қызметкерлерінің 86,2%-ы біліктілік санатына ие.
Қазіргі уақытта диспансерде тәулік бойы ем алуға арналған 155 төсек-орын орналастырылған, оның ішінде:
-
37 төсек – жалпы онкологиялық бейіні бойынша;
-
29 төсек – торакалдық бөлімшеде;
-
31 төсек – химиотерапия бөлімшесінде;
-
58 төсек – радиологиялық бейіні бойынша.
Күндізгі стационарда 50 төсек-орын жұмыс істейді, оның ішінде:
-
30 төсек – химиотерапия бөлімшесінде;
-
20 төсек – радиологиялық бөлімшесінде.
Диспансер құрылымында рентгенодиагностикалық, эндоскопиялық, маммографиялық кабинеттер, сондай-ақ ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) кабинеті ұйымдастырылған. Хирургиялық, дәрілік, сәулелік, сондай-ақ аралас және кешенді емдеу әдістері кеңінен қолданылады.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя