Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құрамына кіреді:
Төраға:
Альгожин Т.Б. – директордың медициналық бөлім бойынша орынбасары;
Орынбасар:
Аскарова А.Т. – директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.
Қызмет мүшелері:
Борисенко С.В. – диспансерлік бөлім меңгерушісі;
Борамбаев У.Т. – жалпы онкология бөлімінің меңгерушісі;
Кравчук В.А. – торакалдық бөлім меңгерушісі;
Сиченко В.Н. – радиологиялық бөлім меңгерушісі;
Дүйсенбинов Е.Р. – химиотерапия бөлімінің меңгерушісі;
Урумбаева С.А. – клиникалық фармаколог дәрігер;
Солтанова Ж.А. – эпидемиолог дәрігер;
Оразалина Ж.А. – БАҚ және сайттарды мониторингтеу жөніндегі маман;
Смакотина Л.И. – психолог.
Байланыс телефондары:
8 (7182) 66-01-61 – сағат 08:00–17:00 аралығында – директордың медициналық бөлім бойынша орынбасары Альгожин Т.Б.
8 (7182) 66-00-56 – сағат 08:00–17:00 аралығында – директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Асқарова А.Т.
8 (7182) 66-00-56 – сағат 08:00–17:00 аралығында – диспансерлік бөлім меңгерушісі Борисенко С.В.
Қызметтің мақсаты
Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты – проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсарту.
Егер Сіз:
-
көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;
-
медицина қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз;
-
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілетін қызметтер үшін медицина қызметкерлері тарапынан ақша бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
-
сондай-ақ медициналық көмектің тәртібі мен сапасына байланысты өзге де мәселелер туындаса,
Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіз өзіңіздің аты-жөніңізді, байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді аурухана кіреберісінде орналасқан өтініштер жәшігіне қалдыра аласыз.
Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қарау нәтижелері туралы ақпарат береді.
Бұл қызметке ем қабылдап жатқан пациенттер де, олардың туыстары да жүгінуге құқылы.
Ұйымымыз көрсететін медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
2-бөлім. Пациенттерге арналған ақпарат
Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы №398/53 «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, біржолғы әлеуметтік көмек алуға келесі тұлғалар құқылы:
-
Қатерлі ісіктің III, IV сатысындағы асқынған түрлерімен және ауру сатысына қарамастан IV клиникалық топтағы онкологиялық науқастар;
-
Қан түзуші және лимфа жүйесі аурулары (лейкемиялар, лимфопролиферативті аурулар);
-
Нәжіс, зәр шығару және тыныс алу жыланкөздері (свищтері) бар науқастар.
ҚР медициналық ұйымдарында онкологиялық науқастарды тексеру және емдеу үшін квота алу тетігі мен ережелері туралы ақпарат
ҚР ҒЗИ мен ғылыми орталықтарына стационарлық емдеуге жолдау
Пациентті ҚР клиникаларында (Жоғары технологиялық медициналық қызмет – ЖТМҚ) емдеуге жіберу туралы шешімді онкологиялық диспансердің мультидисциплинарлық тобы (МДТ) қабылдайды.
Амбулаториялық картасынан үзінді ем жоспарланған клиникаға жіберіледі.
Клиникадан оң жауап алынғаннан кейін пациентке хабарланады.
Пациент клиникаға жолдау үшін қажетті зерттеулер тізбесіне сәйкес тексеруден өтеді.
Госпитализация күні анықталған соң, онкологиялық диспансердің емхана бөлімінің меңгерушісі пациенттің деректерін «Госпитализация бюросы» порталына енгізеді.
Пациенттің қолына:
-
Госпитализация талоны;
-
Госпитализацияға жолдама;
-
Барлық жүргізілген зерттеулер нәтижелері көрсетілген амбулаториялық картадан үзінді беріледі.
Сонымен қатар, пациентке клиниканың орналасқан жері туралы жадынама және ҚР ҒЗИ-де ем алғаннан кейін жол ақысын өтеу үшін денсаулық сақтау басқармасына (ДСБ) тапсыратын құжаттар тізімі беріледі.
Ем аяқталғаннан кейін пациент онкологиялық диспансерге қабылдауға келіп, эпикриз (шығару парағы) тапсыруы тиіс.
ПЭТ/КТ және сцинтиграфияға жолдау
(Республикалық диагностикалық орталықта және ҚР Президенті Іс басқармасының ауруханасында)
Зерттеуден өту туралы шешімді емдеуші дәрігер қабылдайды.
Дәрігер пациентті зерттеуге телефон арқылы тіркейді.
Белгіленген зерттеу күніне 5 күн қалғанда пациент жалпы және биохимиялық қан талдауын тапсырады.
Дәрігер амбулаториялық картадан үзінді дайындайды.
Пациенттің қолына:
-
Амбулаториялық картадан үзінді;
-
Зерттеуге жолдама;
-
Клиниканың орналасқан жері және зерттеуге дайындық ережелері туралы жадынама беріледі.
Зерттеу нәтижелері электрондық пошта арқылы онкологиялық диспансерге жіберіледі.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя