контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; 66-00-97; 66-00-98. e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: Павлодар қ., Российская, к. 57/3
Пациенттердің құқықтары мен міндеттері

Құрметті пациенттер және олардың туыстары!

Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің қызметкерлері Сіздерге ең үздік медициналық қызмет пен ем көрсетуді қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін жұмсайды.
Еміңіз тиімді болуы және медицина қызметкерлері тиісті жағдайда жұмыс істеуі үшін стационарда болу талаптарын, күн тәртібін және диспансерде белгіленген келу тәртібін сақтауыңызды сұраймыз.


БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігімізді сезіне отырып, біздің миссиямыз:

  • Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау;

  • Диагностика және емдеу стандарттарына сәйкес тиімді мамандандырылған ем көрсету;

  • Сапалы медициналық көмек көрсету;

  • Онкологиялық науқастарға психологиялық көмек және медициналық оңалту жүргізу.

Павлодар облыстық онкологиялық диспансері (ПООД) – облыста мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ірі емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу мекемесі.
1951 жылы ашылған. Қазіргі таңда тәулік бойғы стационарда 155 төсек-орын, күндізгі стационарда 55 төсек-орын бар. Диспансер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жыл сайын мұнда 6000-нан астам стационарлық пациент ем алады (амбулаториялық науқастарды есептемегенде).


Сізге ұсынамыз:

  • Жатқызылған кезде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді, жолдаманы, талдау нәтижелерін, жеке гигиена заттарын және ауыстыратын аяқ киім алыңыз.

  • Құнды заттарыңызды туыстарыңызға тапсырыңыз немесе сақтау камерасына өткізіңіз. Сақтауға тапсырылмаған заттар үшін диспансер жауап бермейді.

  • Туыстарыңызды келу тәртібі мен бөлімшедегі мінез-құлық ережелерімен таныстырыңыз.

  • Емдеуші дәрігеріңіз бен мейірбикенің аты-жөнін біліп алыңыз және емге қатысты сұрақтар қоюдан тартынбаңыз.

  • Бөлімшеге кірер алдында қолыңызды өңдеңіз (залалсыздандырыңыз).

Біздің қызметкерлер Сіздің денсаулығыңызды жақсарту үшін бар мүмкіндікті жасайды!


Халықаралық стандарттарға сәйкес талап етіледі:

  1. Пациентті дұрыс сәйкестендіру – әрбір процедура, дәрі беру немесе операция алдында пациенттің аты-жөні мен туған күні ауызша және қолындағы білезік арқылы тексеріледі. Мақсаты – қателіктердің алдын алу.

  2. Қол гигиенасы – пациентті қарау алдында, сондай-ақ процедураға дейін және кейін дәрігер немесе мейірбике қолын сабынмен жууы тиіс.
    ЕГЕР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚОЛЫН ЖУМАСА, ОЛАРДАН СҰРАҢЫЗ!

  3. Дәрілерді қауіпсіз қабылдау – дәріні қате енгізу (басқа пациентке, дұрыс емес дозада, тәсілмен немесе уақытта) денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.

  4. Операцияның дұрыстығы – операция жасалатын жер белгіленуі тиіс. Дәрігер операция алдында алдағы ем туралы түсіндіруі қажет.

  5. Құлап қалудың алдын алу – құлау қаупі бар пациенттерге медицина қызметкерлерінің көмегінсіз палатада немесе дәлізде жүруге болмайды.


СІЗДІҢ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ БАР:

(07.07.2020 ж. №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстен үзінді)

  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге;

  • Уақтылы және сапалы медициналық көмек алуға;

  • Өзінің мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен қаралуына;

  • Клиникалық зерттеулер және денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы ақпарат алуға;

  • Дәрігерлік құпияның сақталуына (заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);

  • Діни және рухани сенімдеріне сәйкес діни қызметтерді алуға;

  • Медициналық көмек көрсету кезінде келтірілген зиян үшін өтемақы алуға;

  • Шешілмеген мәселелер туындаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымына немесе жоғары тұрған органдарға шағымдануға.


СІЗ МІНДЕТТІСІЗ:

(07.07.2020 ж. №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстен үзінді)

  • Өз денсаулығыңызды сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға;

  • ҚР заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексерулерден өтуге;

  • Медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста сыйластық пен әдептілік танытуға;

  • Медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқауларын орындауға;

  • Басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға.


СТАЦИОНАРДАҒЫ ПАЦИЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:

Пациенттер мен күтушілер бөлімшенің күн тәртібін сақтауға міндетті.
Дәрігердің жазбаша рұқсатынсыз стационар аумағынан шығуға тыйым салынады.
Аурухана аумағында темекі шегуге және спирттік ішімдіктерді пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Бөлімше меңгерушісінің келісімінсіз жеке тұрмыстық электр құралдарын орнатуға болмайды.

Төмендегі әрекеттер тәртіп бұзушылық болып саналады:

  • Қызметкерлерге дөрекі немесе құрметсіз қарау;

  • Дәрігер қабылдауына немесе процедураға келмеу не кешігу;

  • Дәрілерді өз бетінше қабылдау;

  • Дәрігердің рұқсатынсыз бөлімшеден кету.

Сізге зор денсаулық пен амандық тілейміз!


ПООД байланыс телефондары:

Анықтама қызметі: 66-00-91; 66-00-97; 66-00-98
Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары: 66-01-61
Пациенттерді қолдау қызметі: 66-00-56; 66-01-16
Төтенше жағдайлар телефоны: 66-01-09


ҰСЫНЫСТЫ ҚАЛАЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ?

Жазбаша түрде: таза парақтың оң жақ жоғарғы бұрышына өзіңіздің аты-жөніңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды, байланыс телефондарыңызды көрсетіңіз. Мәтіннен кейін қолыңызды және күнін қойыңыз. Сұрағыңызды немесе ұсынысыңызды нақты әрі түсінікті жазыңыз және бас дәрігердің қабылдау бөліміне тапсырыңыз немесе бөлімшелердегі «Шағымдар мен ұсыныстар» жәшігіне салыңыз. Жазбаша өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралады және нәтижесі туралы Сізге хабарланады. Анонимді шағымдар мен ұсыныстар қаралмайды.